Шын бақыттың бағын аралатып жаным бір жандым,

Neke.kz
16.02.2016 в 11:38
Шын бақыттың бағын аралатып жаным бір жандым,
Түсінетін күнде, күрсінетін бірге сен жаным.
Шарықтаттың көкке мені өзің байлап қанат,
Шын бақытты еттің мені сыңарыңа санап.

Бірге жаным төземіз деп сынақтарға,
Жауап беріп тағдыр қойған сұрақтарға.
Бір іргеміз! Біз біргеміз! Мәңгілік!

Ең бақытты шағым ата-анам әнім сол барым
Сүйеп жүрген тірек тілеуімді тілеп қолдадың.
Еркелеткен әркез мені күнде теңеп балға,
Ақ кемеме желкен еді жүздіретін алға.

Қадам бастым мен сенімменен - тірегім бар.
Елім десе елжіреген менің жүрегім бар.

Сенсің xалқым жүзің жарқын, аман болшы.
Екі көзің мөлдіреген үміт оты.
Қошеметпен жүресіздер жылытып.