Анашым! Мен үйленемін.

Neke.kz
22.02.2016 в 03:25
Анашым! Мен үйленемін.

Үйленемін анашым үйленемін,
Керек екен,түсіндім үйге келін.
Анамның жанарына қарай берсем,
Есейгенім білінер кейде менің.

Үйленімін болды ана дайындал,
Бір ортаға жинақтадым ойымды әр.
"Анама" -деп ақ келінді әкелем,
Содан соң,дүркіретер тойым бар.

Мен үйленсем,қалмайды елім тыныш,
Ізбасарың тындырар үлкен бір іс.
Үйлену ол! Пайғамдардың (с.у.у)сүннеті,
Бойдақтарға осыны білген дұрыс.

Иә сүйгенім дайындал келіндікке,
Атың енді шығады сенің көпке.
Ақынның жары болдың міне жаным,
Бақыттымын жаным-ау, көңіл Көкте.

Қыз күнің,қайран болып барады,
Сенің бағын,ана болып жанады.
Анаң таққан ақ бантиктің орнына,
Анам енді ақ орамалын жабады.

Анашым болды енді үйленемін,
Қызығына батырамын немереңнің.
Әке болған ұлыңа қарап тұрып,
Әкешімнің иіскейсін жиделерін.

Қайран әкем көрмеді қызық бізден,
Өмір оны әкемді сызыпты ізден.
Дөңгеленген өмір қайта зулайды,
Көрінер саусақтарда жүзік бізден.

Анашым аз қалдығой шыда енді,
Кешегі ұлың,ер жетіп шыға келді.
Алақаныңды ақ суға малам ана,
Құшағыңа сидырамын мына Белді.

Анашым асыл анам асыл бағым,
Енді болды анашым жасымағың.
Өз қызыңдай көресің келініңді,
Мәңгілік жүрегіңде,қасыңдамын.

Бар халық жиналар тойымызға,
Ей жамандар жақсынын ойын бұзба.
Анама жұмақ исін сездіремін,
Толада,ұл менен қойның қызға.

Қалешов Ізбасар