Махаббатта өзінше әркім бір дана.

Neke.kz
06.01.2016 в 12:57
Махаббатта өзінше әркім бір дана.
Ашылады мінезіңде қыр жаңа.
Күнде көріп жүрсем дағы, сәт сайын
Күйеу балаң ұнап жатыр, жан мама.

Сағынамын кешегі бал күндерді,
Көңілімде уайым гүлдеп үлгерді.
Маматайым, тап осындай шақтарда
Күйеу балаң күлдіріп те біледі.

Күнде күйбең тіршілік қой біздегі
Жарым менің - барлаушым ғой түздегі
Күйеу балаң шаршап келіп жатса да
Жылы қабақ танытуын үзбеді.

Ішке сыйып, сыймай кеткем сыртыңа,
Қайғырмашы мені ойлап, жан мама
Күйеу балаң барын салды аянбай
Үйренсін деп мені қайын жұртыма.

Сабыр сақтап, мінезіме шыдайды.
Сүйеді ғой күйеу балаң Құдайды.
Сол себепті, мама, жылап-сықтама.
Қызың енді жаман адам болмайды.

Күйеу балаң менің жалғыз мекенім
Осы жанға байланысты ертеңім.
Жақсылығын асырды деп ренжіме
Жолы болғыш ,мама, сенің еркеңнің.

Ақ пен қара ажыратып арасын,
Жат пен жақын доғарайық таласын.
Екі жаққа біздер әлі сәбиміз
Жаман дейді кімдер, мама, баласын?

Жатырқайтын жат адамым кешегі,
Өмірімнің бүгін жалғыз өлшемі.
Күйеу балаң бұдан былай, анашым
Жан қызыңның ажырамас бөлшегі. (с) А.Т.


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Neke.kz

Популярное