THE PASSIVE VOICE. Ырықсыз етіс

THE PASSIVE VOICE. Ырықсыз етіс

Ырықсыз етісте - 8 шақ (уақыттық формалар). Топ толығымен жоқ Perfect Continuous (оларды Perfect тобымен ауыстырады) жəне формасы жоқ Future Continuous Passive ( Future Simple Passive-пен ауыстырылады).
Қашан қолданамыз?
Active Voice — бұл негізгі етіс. Əрекетті баяндауыш атқарады. Ал Passive Voice — бұл ырықсыз етіс, əрекет бастауышқа бағытталған.
Мысал
She cleans an office every day. — Ол кеңсені күнде жинайды.
Əрекетті баяндауыш атқарады.
The office is cleaned every day. — Кеңсе күнде жиналады.
Ал бұл жерде бастауышқа(кеңсе) бағытталған - бұл ырықсыз етіс, өйткені баяндауыш əрекеттенбейді, оның үстінен əрекет жасалады.
Қалай пайда болады?
Passive Voice түрлері сай to be етістігі жəне мағыналық етістіктің үшінші формасы көмегімен( немесе дұрыс етістіктерде -ed жалғауы арқылы) жасалады.
be + III ( -ed)

Мысалдар
This bookstore was built two years ago. — Бұл кітап дүкені екі жыл бұрын салынған.
The car is being washed. — Көлікті жуып жатыр. (қазір).
This parcel has been brought by the courier. — Бұл сəлем-сауқатты жеткізуші əкелді.
Егер ырықсыз етісте əрекет иесі көрсетілсе оған by көмекші сөзі қосылады:
The book was written by O.Wilde. - Кітапті О.Уайльд жазған.
Егер құрылымда көмегімен жасалған объект немесе зат көрсетілсе with етістігі қолданылады:
The room was filled with smoke. - Бөлме түтінге толы еді.
Бұл жерде ырықсыз етіс жайлы барлығы айтылмаған. Тақырып бір посттық емес.

Қалаушылар жаттығуына болады.
Ырықсыз етістікте аудару
1) О, жоқ! Менің велосипедімді ұрлап кетті!
2) Көшелерді күнде жинайды.
3) Мен көлігімді əкетуге келген кезде, оны əлі жөндеп жатты.
4)Менің джинсиым қайда? - Олар жуылып жатыр.
5) Ол ұрлықшылардың қазір ғана ұсталғанын айтты.
Негізгі етісті ырықсыз етіске ауыстыру
1) Egyptians built Pyramids.
2) The gardener has watered the flowers.
3) The farmer is building a new house.
4) His boss pays him $100 a week.
5) They often show American films here.
Популярное