Үйден шыққан кезінде айтылатын дұға.

Мұсылман қорғаны
27.12.2014 в 05:27
ҮЙДЕН ШЫҚҚАН КЕЗІНДЕ АЙТЫЛАТЫН ДҰҒА.

«Бисми-Лләһ, тәуәккәлту ‘алә-Ллаһ, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә би-Лләһ».

Аудармасы: «Аллаһтың атымен, Аллаһқа тәуекел еттім. Аллаһтан басқа ешкімде күш те, қуат та жоқ» («...тек Аллаһ қана күш пен қуат беруші» деп
аударуға да болады»).

«Аллаһуммә инни ә’узу бикә ән адыллә әу удоллә, әу әзиллә, әу узәллә, әу азлимә,
әу узләмә, әу әжһәлә, әу южһәлә ‘аләййа».

Аудармасы: «Я, Аллаһ! Мен адасуымнан немесе адастырылуымнан, өзімнің
қателесуімнен не қателік жасауға мәжбүрленуімнен, зұлымдық жасауымнан немесе зұлымдыққа ұшырауымнан және надан болуымнан немесе надандықта
ұсталуымнан Өзіңе сиынамын».


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұсылман қорғаны