Әл-Ағраф сүресінің 7/54 аят тәпсірі

AHLUSUNNA.KZ |
20.02.2016 в 03:24
Әл-Ағраф сүресінің 7/54 аят тәпсірі

Алла Тағала Құранда айтады

«ثُمَّ اسْتَوَى عَلَى الْعَرْشِ»

«…СОНАН КЕЙІН ‘АРШЫНЫ ИСТӘУӘ ЕТТІ…»

Хафиз Ибн Касир (701-774 һ.ж./1301-1373 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «Әл-Ағраф» сүресінің 54-аятының тәпсірінде былай деп айтқан:

فَلِلنَّاسِ فِي هَذَا الْمَقَام مَقَالَات كَثِيرَة جِدًّا لَيْسَ هَذَا مَوْضِع بَسْطهَا وَإِنَّمَا نَسْلك فِي هَذَا الْمَقَام مَذْهَب السَّلَف الصَّالِح مَالِك وَالْأَوْزَاعِيّ وَالثَّوْرِيّ وَاللَّيْث بْن سَعْد وَالشَّافِعِيّ وَأَحْمَد وَإِسْحَاق بْن رَاهْوَيْهِ وَغَيْرهمْ مِنْ أَئِمَّة الْمُسْلِمِينَ قَدِيمًا وَحَدِيثًا وَهُوَ إِمْرَارهَا كَمَا جَاءَتْ مِنْ غَيْر تَكْيِيف وَلَا تَشْبِيه وَلَا تَعْطِيل وَالظَّاهِر الْمُتَبَادِر إِلَى أَذْهَان الْمُشَبِّهِينَ مَنْفِيّ عَنْ اللَّه فَإِنَّ اللَّه لَا يُشْبِههُ شَيْء مِنْ خَلْقه

«Адамдар арасында бұл жайында көптеген пікірлер бар және мен бұл жерде олардың барлығын келтіруді қажетсіз деп есептеймін. Біз болсақ, бұл жайындағы сұрақтарда әуелгі ізгілердің (сәләф-салихтердің), яғни Мәлік, әл-Әузаи, әс-Сәури, Лейса, әш-Шафиғи, Ахмад, Исхақ ибн Рахауейх және өткеннің және қазіргінің басқа да имамдардың жолын ұстанамыз. Бұл аяттар қандай күйде келсе, солай оқып, кейіп берусіз, ұқсатусыз (ташбихсыз) және мағынасын жоққа шығармай, ақылға салмай қабылдаймыз. Ұқсатушылардың (мушаббиһ) ойына келетін сыртқы мағына Аллаға қатысты теріске шығарылады. Ақиқатында, Алла Тағала Өзінің жаратылыс мақлұқтарының ешқайсына да ұқсас емес».
[Дерекнама: Ибн Касир «Тафсир әл- Қуранул Азим», 3-426-427. 7/54-аят.]

Имам Әбу Мұхаммед әл-Бағауи (оған Алланың рақымы болсын) 436-510 һ.ж. / 1044-1117 м.ж., әл-Ағраф сүресінің 7/54 аят тәпсіріне, былай деп айтқан:

ثُمَّ اسْتَوَى عَلَى الْعَرْشِ، قال الكلبي ومقاتل: استقرّ. وقال أبو عبيدة: صعد. وأوّلت المعتزلة الاستواء بالاستيلاء. فأمّا أهل السنة يقولون: الاستواء على العرش صفة لله تعالى بلا كيف يجب على الرجل الإيمان به ويكل العلم فيه إلى الله عزّ وجلّ. وسأل رجل مالك بن أنس عن قوله: الرَّحْمَـنُ عَلَى الْعَرْشِ اسْتَوَى، كيف استوى؟ فأطرق رأسه ملياً وعلاه الرحضاء ثم قال: الاستواء غير مجهول، والكيف غير معقول، والإيمان به واجب، والسؤال عنه بدعة، وما أظنك إلا ضالاًّ، ثم أمر به فأخرج. وروي عن سفيان الثوري والأوزاعي والليث بن سعد وسفيان بن عيينة وعبد الله بن المبارك وغيرهم من علماء السنّة في هذه الآيات التي جاءت في الصفات المتشابهات: أمرُّوها كما جاءت بلا كيف

««… Содан кейін ‘Аршыны истәуә етті …». Әл-Қальби мен Муқатиль айтты: “истәуә” бекітті “истақарра”. Әбу Убайда айтты: жоғарылады “са’ада”. Муғтазалиттер “истәуә” сөзін игерді “истилә” деп түсіндірді. Ал Әһлу Сунна былай деп айтады: “ ’Аршыны истәуә етті” – бұл Алла Тағаланың сипаты, әрі кейіпсіз “билә кәйфа”.
Адам баласына оған иман келтіру уәжіп, ал оның білімін Алла Тағалаға тапсыру керек. Бір адам имам Мәлік ибн Анасқа (оған Алланың рақымы болсын) келіп Алла Тағаланың мына сөзін сұрайды: «… Содан кейін ‘Аршыны истәуә етті …» [Әл-Ағраф сүресінің 7/54 аят]. Қалай “истәуә”? Имам Мәлік басы жерге салбырап тұрып қара терге төгілді. Кейін басын көтеріп былай деп айтты: «“Истәуә” – бар екендігі мәлім, қалай екендігі – беймәлім, оған иман келтіру – уәжіп, ал ол жайында сұрау – бидғат, және менің ойымша сен адасқандардансың. Кейін оны шығарып жіберуге бұйрық берді».
Бұл аятқа қатысты Суфьян әс-Саури, әл-Ауза’й, Лейса ибн Са’ад, Суфьян ибн ’Уяйна, Абдулла ибн әл-Мүбәрак және тағы басқалары Әһлу Сүннадан болғандары аяттың мағынасы түсініксіз сипатта жеткендігі жайында риуаят етті, яғни : «Олар қалай келген болса, кейіпсіз солай қабылдаңдар» деген.
[Дерекнама: Әл-Бағауи, «Ма’алиму Танзиль», 1/235.]

Имам Джалалуддин әс-Суюти (оған Алланың рақымы болсын) 849-911 һ.ж. / 1445-1505 м.ж., аятқа қатысты былай деп пікір айтады:

ثُمَّ ٱسْتَوَىٰ عَلَى ٱلْعَرْش) هو في اللغة: سرير المَلِك، استواء يليق به)

««… Содан кейін ‘Аршыны истәуә етті …», “’Арш” — сөзінің тілдік мағынасы “әмір жүргізушінің тағы”, ал “истәуә” сөзі Өзіне (жараса) лайықты болғандай».
[Дерекнама: Джалалуддин әс-Суюти, «Тафсир әл-Джалалайн».]

Имам Хафизуддин ән-Насафи әл-Ханафи (оған Алланың рақымы болсын) д.ө.ж. 710 һ.ж. / 1310 м.ж., аятқа қатысты пікірі:

{ ثمّ استوىٰ } استولى { على العرش } أضاف الاستيلاء إلى العرش وإن كان سبحانه وتعالى مستولياً على جميع المخلوقات، لأن العرش أعظمها وأعلاها. وتفسير العرش بالسرير والاستواء بالاستقرار كما تقوله المشبهة باطل، لأنه تعالى كان قبل العرش ولا مكان وهو الآن كما كان، لأن التغير من صفات الأكوان.

««… Содан кейін ‘Аршыны истәуә етті …» яғни үстем етті “истаулә”. Үстемдік етуді Аършыға жатқызды, алайда Алла Тағала барлық жаратылыстарға үстемдік етеді, өйткені ‘Арш – бұл ең биік және Алла Тағаланың ұлық жаратылыстарының бірі. ‘Аршының мағынасы орын деп, ал “истәуә” орнықты (истақарра) деп кейбір мушабиххалар (ұқсатушылар) қате түсінді, өйткені Алла Тағала ‘Аршыны жаратқанға дейін болды, және Оның (Алланың) орны болған емес, және Ол (Алла) қазір қалай бар болса, дәл соған дейін де солай бар болды, өйткені өзгеру бұл жаратылыстардың сипаты».
[Дерекнама: Хафизуддин ән-Насафи әл-Ханафи, «Мадарик әт-Танзиль уә хақайқу-т-Таъуиль».]

жалғасы: http://ahlusunna.kz/?p=3839#top


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества AHLUSUNNA.KZ |

Популярное