"... - Соқырлар мектебінде оқып жүргенде, мұғаліміміз айтушы еді (оның көзі шала көретін): "Айналайы...

Ақыл қалта
19.01.2016 в 06:16
"... - Соқырлар мектебінде оқып жүргенде, мұғаліміміз айтушы еді (оның көзі шала көретін): "Айналайындар, өмірді көзі барлардан әлдеқайда артық сүйе білуіміз керек. Өйткені біздің - көрмейтіндердің жер бетінде қарманып жүруі - оларды тәубеге келтіреді; өйткені олардың санасына минут сайын соқыр болып қалмайын деген сақтық еш шықпауы керек". Бір күні маған:
"Жанар, мен суқараңғы емес көзімнің саңылауы барлығына өкінген кезім болды. Бұдан он жыл бұрын екі көзімді бірдей шел басып, мүлдем көрмей қалдым. Сонда мен өзімді емес, сау кезімді, сүйіп қосылған жарымды аяған едім. Ол күні-түні демей зар еңіреп жылай беретін жылай беретін, жылай беретін. Ал кішкентайдан бірге өскен жан досым өзімнен бетер уайымдап, жаны қалмай жетелеп жүруші еді. Ақыры ауруханаға түстім. Одессаға барып операция жасатқан соң, атақты дәрігер иненің жасуындай саңылау шығарып, көз алдымдағы қап-қара түнектен тесік шығарып беріп еді. Бірақ мен оны үй ішіме де, дос-жарандарыма да айтқым келмеді. Мені Одессадан әйелім мен досым алып қайтты. Самолеттегі үш орындыққа қатар отырдық. Сонда не көрді дейсің ғой...не көрдің? Терезе жақта отырғанмын. Жалт қарап едім, жан жарым мен жан досым құшақтасып сүйісіп отыр екен... Мен оларға тесіліп ұзақ қарадым. Мені көрмейді деп ойлаған екеуі қаймықпастан аймаласты-ай. Жақсы, көзім көрмей-ақ қойсын, өзімнен – жүзімнен неге ұялмады мұндарлар. Самолеттен түскен соң үйге бұрылмастан тура соқырлар қоғамына тарттым. Сонда мен ақырғы рет жылап, көзіме саңылау жасап берген профессорды қарғадым. Сонда мен жанарым жайнап тұрған шақтағы бүкіл қылығымды тәрк етіп, бәрі бекершілік, күнәға толы арсыз ғұмырлар деп білдім..."

(О.Бөкей, "Жылымық" шығармасынан үзінді)