Бір үйдің теледидары бұзылып қалыпты. Үйге техника шеберін шақыртып, теледидардың артын ашып қараса, іші нан ұнтағына толып қалғанын көреді.

Ақыл қалта
10.01.2016 в 02:35
Бір үйдің теледидары бұзылып қалыпты. Үйге техника шеберін шақыртып, теледидардың артын ашып қараса, іші нан ұнтағына толып қалғанын көреді.

Шебер теледидардың істен шыққан жерін қосып, күйген сымдарын ауыстырады. Сөйтіп, теледидардың бұзылу себебі нан қиқымынан болғанын айтып, оны кім салғанын анықтайды. Сөйтсе, бұған кінәлі үйдің 4 жасар кішкентай қызы екен… Анасы қызымен сөйлесіп, неге олай істегенін сұрады. Алған жауабы көзіне жас үйірерліктей еді…

Кішкентай қыз теледидар экранынан Африканың аш балаларын көрген кезде, олар жесін деп нан қоқымдарын теледидардың арт жағындағы саңылауларына үнемі тастап тұрған екен…

Біз мейірімділікті кішкентайлардан үйренейікші, ағайын!


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Ақыл қалта

Популярное