ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 1991 ж...

Қызық Times / Kyzyk Times
29.02.2016 в 10:23
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды.

Бұл еліміз тұрғындарының жалпы санының 5,5 пайызын құрайды. Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, немесе 61,6 пайызы Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 14,2 пайызы Қытайдан, 9,2 пайызы Моңғолиядан, 6,8 пайызы Түрікменстаннан, 4,6 пайызы Ресейден және 3,6 пайызы өзге елдерден оралған қандастарымыз.

Олардың 21,2 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3 пайызы Алматы облысына, 13 пайызы Маңғыстау облысына, 9,4 пайызы Жамбыл облысына, 40,1 еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды. Қандастардың 55,6 пайызы еңбекке қабілетті жаста болса, 18 жасқа дейінгілері 39,9 пайыз, зейнеткерлер - 4,5 пайыз болады.

Сондай-ақ еңбекке жарамды оралмандардың 8,8 пайызының жоғарғы білімі бар болса, 20,6 пайызында орта арнаулы білім бар, 60,8 пайызы жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 9,8 пайызының білімі жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қарашада Елбасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның көші қон мен халықты жұмыспен қамту салаларын әрі қарай жетілдіруді жүзеге асыруға бағытталған «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын.