Ертең "Қыз Ғұмыры" телехикаясы болмайды, жексенбі күні болады)

Ертең "Қыз Ғұмыры" телехикаясы болмайды, жексенбі күні болады)
Жексенбі күнгі бөлім!
"Мадхубала" сериалының описаниясы осы сілтемеде- http://vk.com/wall-59415022_156435
Көбірек ♥ басайық
#Чамели Раниды алып үйден кетіп бара жатады. Кетіп бара жатқанда Мити: Тоқта, Чамели! Сен үйден кетпейсің! Апа, олар кеткенде қайда барады? Бір сәт оның орнына өзіңізді қойып көріңізші. Екеуі бізбен бірге тұрсын. Ратнабай оларға тағы бірдеңе істеп қоюы мүмкін. Оларға осы жер қауіпсіз! Оның үстіне біз Раниді асырап алдық. Оларды осындай жағдайда қалайша жіберіп қоймақпыз? Чамели Раниді үйге алып кір-дейді. Чамели үйге кіреді. Экадиш ашуланып тұрады. Мальвика күліп тұрады. Акаш бөлмесіне кетіп қалады. Чамели де кетіп қалады. Экадиш те ашуланып кетіп қалады. Акаш бөлмеде терезенің алдында ойланып тұрады. Чамели келіп қалады. Чамели: Саған бұл шындық ауыр тигенің білемін. Алайда шындық осы. Рани сенің туған қызың! Бұл шындықты саған бұрында айтуым керек еді-дейді. Акаш үндемей тұрады. Чамели: Митимен қалай, қашан үйлендің?-дейді. Акаш: Мити, менің әйелім. Сенімен кездесіп жүрген кезде апам маған: "Әкеңнің кегін алатын кез келді"-деген болатын. Бірнеше жылдар бұрын Митидің анасы менің әкемді өлтірді. Мен Мити мен оның үй ішінен кек алу үшін Митиге үйлендім. Бірақ, тағдыр бізге мәңгі болуды жазыпты. Мен Митиді сүйіп қалдым. Сосын Митидің балалы бола алмайтынын білдік. Ол бедеу екен. Сосын Раниді кезіктірдік. Мити екеуіміз Раниге бауыр басып қалдық, оны туған қызымыздай көрдік. Сөйтіп Раниді асырап алдық. Алайда, Рани менің туған қызым екеніне әлі де сене алмай тұрмын-дейді. Рани сол жерден өтіп бара жатып Акаштың сөзін естіп қалып, таңқалады. Рани ішінен: Нее? Ұзынтұра көке менің әкем бе?-дейді. Рани бөлмесіне кетіп қалады.
#Вишну жолда ойланып келе жатады. Ол ақшадан қысылып, ақшаны қайдан табарын білмей ойланып жүреді. Бір кезде көліп келіп қалады. Көліктің иесі сигнал басады. Вишну қалың ойға шомып кеткен, оны естімейді. Көлік Вишнуға келе жатқанда, көлік дер кезінде тоқтайды. Вишну құлап қалады. Көліктің иесі жүгіріп келеді. Ол: Не болды? Бәрі дұрыс па? Аяғыңызды жарақаттап алған сияқтысыз. Міне, мына ақшаларды алып дәрігерге көрініңіз-дейді. Вишну: Жоқ, керегі жоқ. Менде бәрі дұрыс-дейді. Көлік иесі: Жо-жоқ алыңыз-деп ақшаны беріп кетіп қалады. Вишну ақшаларды алады да, Құдай-Анаға барады. Вишну: О, Құдай-Ана! Тілегімді қабыл еттің. Бірақ бұл ақша өте көп!-деп жартысын мүсіннің алдына қояды.
#Мити Акаш пен Чамели жайлы ойланып тұрады. Бір кезде Ранидің жылаған дауысын естіп жүгіріп барады. Мити: Рани, не болды? Саған кім тиісті?-дейді. Рани: Мен Чамели үшін уайымдаймын. Өтінемін, ақ әпке оны бұл үйден кетірмеңізші-дейді. Рани Акаш пен Чамелиді көріп оларды құшақтап алады. Мити бұны көріп өзін жайсыз сезінеді. Мити кетіп қалады. Экадиш Митиге: Мити, сен әлгі жүзөкшенің үйде тұруына нене рұқсат еттің? Бұл үлкен күнә ғой!-дейді. Мити: Апа, бұл туралы бағана айттым ғой! Қазір түн болды! Жатып, ұйықтаңыз-дейді. Митидің жанында Рани бар. Мити Раниды алып кетіп қалады. Мити өз бөлмесіне келеді. Чамели мен Акаштың бұрын түскен суретін ұстап жылап отырады. Бір кезде қатты жел соғып, сурет ұшып, Акаштың аяғына келеді. Акаш суретті алады. Акаш: Мити, иә білемін. Бұл саған ауыр тиді. Бұны саған баяғыда айтуым керек еді. Бұл менің кінәм. Мен Чамелимен сен келмей тұрып кездесіп жүргенмін. Бірақ, сен келген соң оны ұмытып кеттім. Бұл біраз жылдар бұрын болған оқиға. Қазір бұл суреттердің еш маңызы жоқ. Мен тек сені ғана сүйемін. Бұл келеңсіз жағдай үшін сенен кешірім сұраймын-деп суретті жыртып тастайды. Мити жылап кетіп қалады.
#Вишну дүкеннен көп заттарды сатып алады. Ол үйіне келеді. Мукта оны қарсы алады. Мукта: Вишну, келдің бе? Мәссаған, не деген көп заттар! Бұның бәрін қайдан алдың? Сенде ақша жоқ еді ғой!-деді. Нани Манавты ұстап отырады. Мукта заттарды алады. Ішінде Манавқа арналған ойыншықтар бар екен. Мукта бір қорапты көреді. Ішін ашса әдемі білезіктер екен. Мукта қуанып қалады. Нани: Мынаған бүгін не болған? Әшейінде ештеңе алмаушы еді. Қызық, ақшаны қайдан алды?!-дейді. Мукта: Вишну, бұның бәрін қай ақшаға алдың?-дейді. Вишну болған оқиғаны айтып береді. Мукта: Сен осының бәрін біреудің ақшасына алдың ба? Бөгде адамның ақшасын неге аласың?-деп зекіп тастайды. Нани: Құдай сақтасын! Біреудің садақа қылып берген ақшасына қызым мен немереме сыйлықтар әкелдің бе?-деп ұрысады. Мукта: Кешірші мені, Вишну! Саған зекіп тастадым-деп Вишнуды құшақтайды.
#Чамели Раниге ертегі айтып беріп отырады. Рани болса ұйықтап қалады.
#Мити асханада тамақ істеп жатады. Мити тамақ турап жатып, ойға шомып кетеді. Сосын қолын кесіп алады. Акаш оны көріп қалып: Мити, қолыңды кесіп алдың ба? Әкел, жарақатыңды танып берейін-дейді. Мити: Ештеңе етпейді!-деп тамақ істеуін жалғастырады. Акаш жерге отырып, құлағын ұстап Митиден кешірім сұрайды. Акаш: Ханшайымым мені кешірші! Мен сені сүйемін!-дейді. Мити: Акаш, бұның не? Орныңнан тұр!-дейді. Акаш кетіп қалады.
#Таң атады. Бәрі рәсім орындап жатады. Нандини рәсімді өзі орындамақ болады. Экадиш: Эй, сен бұл үйдің ?6?


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Жүрекке әмір жүрмейді