Емшектегі бала тәрбиесі

Балапаным ♕
12.01.2016 в 06:00
Емшектегі бала тәрбиесі

Емшектегі бала тәрбиесін ерте бастау керек (кішкентай күнінен); бала тәрбиелеу ісі оңайға түспейді, бұл — төзімділікті, табандылық , көп күш жұмсауды, әр түрлі айла-тәсілдерді қолдануды тілейді, дөрекілік мінез ден аулақ болуды талап етеді. Тұрмыстағы және семьядағы жарасымды жағдай баланы дұрыс тәрбиелеуге өзінен-өзі кепіл бола алмайды. Балаға деген шексіз мейіріммен бірге қажырлы да, табанды еңбек керек. Бала тәрбиелеу мәселесі бірте-бірте күрделене бермек. Сәбиді дұрыс тәрбиелеу — ата-ананың бірлесіп атқаратын қажырлы еңбегі. Бұл іске әке де белсене қатысуға тиіс. Нәресте бір жасқа толғанта ата-ананың барлық күш-жігері ең алдымен күнделікті режимді дұрыс ұйымдастыруға, гигиеналық дағдылардың қалыптасуына, қозғалу-жүру, көру, есту және сөйлеу процестерінің дамуына бағытталуы керек. Баланы тамақтандыру, ұйықтатумен серуендету күн сайын белгілі бір уақытта өткізілгені жөн. Сәби режимге тез көндігеді.
Популярное