Жол полициясы тоқтатқанда ұстанатын ережелер

Тука|
29.02.2016 в 12:32
ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ ТОҚТАТҚАНДА ҰСТАНАТЫН ЕРЕЖЕЛЕР

1. Автокөліктен түспеңіз. ГАИ қызметкерінің мұны талап етуге еш қақысы жоқ. Ол — Қазақстан Республикасының “Полиция туралы“ заңын сізге көлденең тартып, полицияның заңды талабын орындау міндетіңiз екенін еске түсіруі мүмкін. Сіз “заңды“ сөзіне жабысыңыз. Атап айтқанда, оның талабы заңсыз. ҚР “Жол жүрісi туралы“ заңына сәйкес, жүргізуші көліктен шығуға болмайды.Қорытынды: машинадан шықпай, сәл төмен түсірілген терезе арқылы сөйлесу керек.

2. Бiз жол инспекторының нағыз қызметкер екеніне көз жеткізуге құқығымыз бар(құжаттарды оған тапсырмас бұрын). Сізді тоқтатқан кісінің полиция формасын киіп, қолына таяқ ұстаған алаяқ боп шықпасына кім кепіл? Сондықтан, ҚР “Полиция туралы“ заңын негізге алып, құжатын көрсетуін талап етеміз. Мүмкіндік болса, толық аты-жөнін, құжат нөмірін бір параққа жазып алуға тырысыңыз. Бұл қарама-қайшылықтарға кез болғанда, керек болады. Бұдан басқа, құжаттағы суреттің инспектормен сәйкес екендігін тексеру қажет. Олар біздің көлік жүргізу куәлігін тексергенде, біздің бетімізге үңіле қарайтыны жасырын емес қой? Біз де солай жасаймыз.

3. ЖПП қызметкерлерінің «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңының 52-б. 2-тармағына сәйкес, автокөліктерді негізсіз тоқтатуына тыйым салынған. Еске сала кетейік, егер сіз жол ережесін бұзбасаңыз, жол инспекторының арттан қуып кеп тоқтатуы немесе көшеде тұрып тоқтауға белгі беруі заңсыз әрекет болып саналады.Тоқтату үшін тек мына жағдайлар негіз болуы мүмкін: жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы, жүк тасымалдау ережелері, сондай-ақ, арнайы рейдтік шаралар жүргізу. Сондықтан, “құжат тексеру желеуі“ — бұл себеп емес, жол инспекторының жеке жан қалауы. Соңғы уақыттары, жол қызметкерлері арасында мына себептермен тоқтату жиі орын алуда:

а) Қауіпсіздік белдігін тақпағансыз. 100 пайыздық жол ережесінің бұзылуы. Барлығына үнемі тағып жүруге кеңес береміз. Бұл бірінші кезекте өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне байланысты. Жылы жаңа көліктерде, белдікті кеудеге ілмеген жағдайдағы , шиқылдауық дыбыстан құтыласыз. Әрі, жол полициясының сізді тоқтатуға себебі азая түседі.

б) Бітпейтін әртүрлі операциялар. Бұл көлікті тоқтату үшін, бірақ , шындыққа көбіне жанаса бермейтін керемет сылтау. Біздің әрекет: Сенім телефонына қоңырау шаламыз(әр қаланың өз сенім телефоны бар, негізінде, оны сіздің сұрауыңыз бойынша, инспектор беруі қажет) және хабарлаймыз осындай мекен-жайда жол сақшылары тұр, арнайы іс-шаралар өткізуде, әрекеттері қаншалықты заңды? Әдетте, жол инспекторының сұрақтары осы тұста дереу аяқталады.

в) Сіздің көлік айдау мәнеріңіз жол сақшысының күдігін туғызды. Оның ойынша, сіз арнайы құрылғыға үрлеуіңіз қажет екен. Жауап береміз: инспектор үйінде әйеліне үрлейді, ал, біз наркологиялық орталықта экспертизадан өтеміз. Және ол жаққа тек полиция көлігімен барамыз. Мынадай қиын дағдарыс заманында бензинге артық ақша құртпаңыз. Сондай-ақ, босқа зая кеткен уақытты прокуратураға арызда көрсететініңізді мәлімдеңіз.Көп жағдайда, сұрақтар осы тұста аяқталады.( егер, сіздің ішкеніңіз айқын көрініп тұрса, бұған қатысты емес)

4. Кей кездері, жол полиция қызметкерлерінің жүк багажын тексеруге шабыттары оянады. Еске түсіреміз, бұл талап емес, өтініш. Мұндай нәрсені талап етуге заңды құқықтары жоқ.Олар тек сырттай бақылай алады, толықтай емес. Тіпті, көліктің есігін ашуға құқылы емес. Кей уақыттары автомат ұстанған жасақтармен арнайы рейдтік шаралар жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда , жүк багажын ашу талабына келісуге тиіссіз. Бірақ, арнайы ақтару туралы әкімшілік хаттама толтырылып, 2 куәгердің қатысуын талап етіңіз.

Шын мәнінде, жол ережесін бұзып қолға түссеңіз

1. Қолма-қол ақша бермеуге тырысамыз. Еске салайық, жол сақшысына ақша беру арқылы, ҚР “жұмыс орындағы қызметкерге пара ұсыну“ заңын бұзасыз. Екіншіден, жоғарыдағы жазылған ережелердің бәрін тәрк еткен боласыз. Негізінде, ақша ұсынуға міндетті емеспіз, егер оның дәлелі жоқ болса, ешнәрсе істей алмайды. Құжаттарымыздың дұрыстығын әрдайым қадағалап жүреміз, жүйкемізді жұқартпаймыз, өзімізді сыпайы ұстаймыз.

2. Көліктен түспейміз, хаттама толтырылуын күтеміз. Қол қоюға өз көліктеріне шақырғанда, бас тартамыз. Құқығымызды сақтаймыз.

3. Хаттама толтырылып болғаннан соң, жақсылап тексереміз. Барлық бөлімдер дұрыс толтырылды ма? Барлығы орынды көрсетілді ме?

4. Хаттаманың артқы жағына әрқашан “Хаттамамен келіспеймін, ештеңені бұзбадым, дәлелдерімді сотта келтіремін “деп жазамыз. Тіпті, жол ережесін бұзсаңыз да, осылай жазыңыз. Бұл біздің кейінгі іс-әрекетімізге септігін тигізеді. Кішкене құпияны аша кетейік: Әр келісім берілмеген хаттама үшін, инспектордың түсініктеме жазуына тура келеді, ал, бұл өз кезегінде, ол — мүлдем қаламайтын нәрсе. Сондықтан, көптеген хаттамалар инспектор машинасынан ары аса алмайды.

5. Жылдамдықты асырған жағдайда, радарда “бұл сенің жылдамдығың“ деп жазылып тұрған жоқ. Мұны видеотүсірілімсіз дәлелдеу мүмкін емес. Видеофиксация бар ма, жоқ па?- соны анықтаңыз


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Тука|

Популярное