[id231083001|Жомарт Акбархулов] бастамасы арқылы "Қазақ ойшылдары" деген атпен ашылған бұл группа е...

ӨРЛЕУ
23.01.2016 в 03:43
[id231083001|Жомарт Акбархулов] бастамасы арқылы "Қазақ ойшылдары" деген атпен ашылған бұл группа енді " ӨРЛЕУ" деп аталады. Группаны [id184067058|Аманжол Рысмендиев] мырза жазған кітаптың атымен атап, сол кітаптағы мотивациялық ақпараттарды салып жүру арқылы тәуелсіздік таңын атырып жүрген қазақ жастарының ұлтымыздың ұлылығын жаңғыртушы ұлан болып қалыптасуларына, өз тұлғасын дамытып, ӨРЛЕУіне сеп болу мақсатында жұмыс жасауды жөн деп таптық.

ЖАЗБАЛАРДЫ ПАЙДАҢЫЗҒА АСЫРУ ЖАЙЫНДА АЛТЫ КЕҢЕС :

1. "Ақымақ білемін деп ойлайды, ақылды қайталап, тереңге бойлайды" дегендей, жазбаларды секіртіп оқымаңыз. Адамға "мен білемін" деген сөзді жиі қайталаған сайын жаңа ақпаратты қабылдау қиындай бермек. Білгеніңіз жақсы, істегеніңіз тіпті керемет! Ал, тапсырмаларды толық орындап, өзгерсеңіз, онда нұр үстіне нұр!

2. Өзіңізге қажетті деп есептеген жазбаларды жазып алып жүріңіз. Жазып алған сөйлемдер жайлы ойланыңыз. Сізге қалай көмектесе алады?..

3. Қажет деп тапқан көп ақпаратты есте сақтау үшін ұйықтар алдында немесе таңертеңгі уақытта оқыңыз.

4. Өзіңізді тәртіпке бағындырып, түсінгеніңізді міндетті түрде тәжірибеде (практикада) қолданыңыз.

5. Шабыттандыратын кеңестерді жазып алып, ақыл қажет болған жағдайда оқып отырыңыз. Немесе ең жақсысы кітапты сатып алып, жұмыс үстеліңіздің көрінетін жеріне қойып қойыңыз.

6. Керекті ақпараттарды қайталап жүріңіз. Қайталау - білімнің анасы.

БІЗБЕН БІРГЕ БОЛЫҢЫЗДАР, ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ!
Популярное