Адам - табиғаттың бір бөлшегі. Адам да алма ағашы сияқты үнемі дамып, өсуі керек. Сіз рухани және іс...

ӨРЛЕУ
09.02.2016 в 05:38
Адам - табиғаттың бір бөлшегі. Адам да алма ағашы сияқты үнемі дамып, өсуі керек. Сіз рухани және іскерлік біліміңізді көтерген сайын жетістіктерге оңай жетіп, қаржылық жағдайыңызды жақсарта бермексіз. Ағашқа өсу үшін құнарлы жер, су, күн нұры керек болса, сізге БІЛІМ керек.
Жемісті ағаштар жер бетіндегі миллиондаған адамды тіршілікке керекті дәрумендермен қамтамасыз етіп, қаншама адамды қуанышқа бөлейді. Анығын айтсак, өзі өмір сүре отырып, өзгелердің өмір сүруіне көмектеседі. Біз де солай етуге міндеттіміз! Яғни, қаржылық жағдайымызды жақсартып, табысты болып, басқалардың да әдемі, көңілді, жақсы өмір сүруіне жол ашып отыруымыз парыз. Қоғамның, елдің, бүкіл әлемнін дамуына өз ісіміз арқылы үлес қосуымыз керек.
Гүлі әдемі гүлді бәріміз жақсы көреміз. Бағасына қарамастан сатып аламыз, күтеміз, баптаймыз. Сіз де гүл секілді істеген ісіңізге сәйкес бағаланасыз, ісіңіздің сапасына қарай жемісін жейсіз.
Әркім өзінде не бар, соны ғана бере алады.
Сіз өзіңіз үшін, отбасыңыз үшін, қоғам үшін өз ісіңіздің көшбасшысы болуға, табысты болуға міндеттісіз. Бұл - табиғи заңдылық. Заңға бағынғысы келмей ерінген адам " бақытсыздық, ауру, кедейлік" деп аталатын "түрмеден" бір - ақ шығады.
Сіз бақытты және табысты болу үшін аянбай күресу керексіз және солай істеуге тиіссіз. Бұл - заңдылық.
Популярное