Өмірде бір - бірінен бөліп қарауға болмайтын сфера бар. Олар : денсаулық, қарым - қатынас, ақша, рухани даму.

ӨРЛЕУ
07.02.2016 в 09:24
Өмірде бір - бірінен бөліп қарауға болмайтын сфера бар. Олар : денсаулық, қарым - қатынас, ақша, рухани даму.
Осы төрт сфераны бір - бірінен бөліп жармай, дамытып отырғанда ғана адам шын бақыттың, нағыз қуаныштың, мол байлықтың не екенін сезінеді.
Бүкіләлемдік статистиканың көрсеткіштері бойынша көп отбасының айырылысуының 79%-ы ақша жетіспеушілігі салдарынан туатын жанжалдардың әсерінен екен. Сонымен қатар, ауыратын адамдардың көбісі дерлік кедей отбасынан болатындығы дәлелденген. Д.Карнеги жүргізген зерттеулерге сүйенсек, адамның биік жетістіктерге жетуінің 20%-ы іскерлік біліміне, 80%-ы қарым - қатынас жасау шеберлігіне байланысты екені анықталған. Ал нашар көңіл - күймен жүріп, адамдармен қарым - қатынас орната алмаймыз. Аурудың 80%-ы көңіл - күйдің дұрыс болмауынан туындайды. Үнемі көтеріңкі көңіл - күйде жүру үшін денсаулығымыз мықты болуы керек. Көңіл - күйді көтеріп, шабыттандыратын - алға қойылған айқын мақсат, соған жетемін деп талпыну, оқу, іздену, даму. Мақсатсыз өмір - мәнсіз, мағынасыз, көңілсіз өмір екенін бізге дейін қаншама ұлы адамдар дәлелдеп кеткен.
Адам өмірін мағыналы сүру үшін жоғарыда аталған 4 сфераның әрқайсысының өзіндік алатын орыны бар.


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества ӨРЛЕУ

Популярное