Жол жүру кезінде сәбиді емізудің 5 кеңесі

Балапаным ♕
28.02.2016 в 03:01
Жол жүру кезінде сәбиді емізудің 5 кеңесі

Балаңыздың бірінші ерліктерін есте қалдыру үшін осы идеяларды пайдаланыңыз.

Баланы үйде тамақтандыруды жетілдіріп алған шығарсыз. Сіз бөтелкесін қанша уақытта қалай қыздыруды, балалар тағамының құтылары әдемілеп тізіліп тұр, және қол астында тамақтандыруға арналған биік орындық та бар болар.

Алайда, саяхатта барлығы олай емес!

Жолда сәбиді тамақтандыру қиын міндетке айналуы мүмкін. Сондықтан, Сізге көмек болатын бес ережені ұсынамыз.

1. Бөлме температурасындағы тамақты беріңіз< 2="" />
Жолда микротолқынды пешті табу қиын болатыны айдан анық. Сондықтан, жылы температурадағы тамақты жеп үйренген балаңыз жолда салқындау тамақтардан бас тартпасын десеңіз, осы бастан рационға бөлме температурасындағы тамақты енгізу мәселесін шешіңіз.

2. Тексеру ережесін біліңіз

Егер Сіз барлығын дұрыс жоспарлаған болсаңыз, әуежайда баланың тамағын тексеру ұзақ уақытты алмайды. Бала тамағы мен сүт қоспасы, ана сүті мен шырын Туристік қауіпсіздік қауымдастығының ұшақ бортында тасымалданатын сұйықтық пен гельдің 96 г (3,4 унциядан) аз болу керек деген ережесіне жатпайды.

Сәбиге арналған тамақты жабық пакетке ораудың қажеті жоқ. Бірақ баланың тамағын бортқа қол жүгі ретінде алынатын сөмкенің біреуіне, қолжетімді жерге салып, өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Өйткені, әуежайдың қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері оны да қарап шығуға рұқсат сұрауы мүмкін.

3. Шыны бұйымдарын ұстамаңыз

Үйде дайындалатын сәбиге арналған тамақ сәбимен бірге болатын сапарыңызды біраз жеңілдетуі мүмкін. Себебі, қосымша салмақ қосып, одан бетер сөмкеде сынып қалатын шыны құтыларды өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті болмайды. Үйде істелген езбелерді мұзға арналған формаларға салып, бірнеше мұз текшелерін мықты пластик контейнерге орналастырып қойыңыз. Бірнеше сағаттан кейін тамақ өздігінен еріп, жеуге болатын жағдайға жетеді.

4. Барынша аз зат алыңыз

Жыпырлаған пластик ыдыстар туралы ойдан қорқатын болсаңыз (оларды кейін жуу да қажет қой!), табиғи қаптамасы бар балалар тағамы туралы ойлаңыз, мысалы, авакадо мен алдын ала пісірілген тәтті картоп. Екеуі де өте тойымды, және Сіз оларды өз қабығының ішінде езбе қылып, баланы тамақтандырсаңыз болады. Тек қасық ала жүрсеңіз болғаны (немесе жолда кездескен дүкеннен пластик қасық сатып алыңыз).

5. Үстіңізді ластап алуға дайын болыңыз

Ойқыш-ұйқыш жолдар, кенеттен қозғалу мен аялдаулар, турбуленттілік баланың тамағын күтпеген жерде төгіп алуға себеп болуы мүмкін. Сондықтан, міндетті түрде өзіңізбен бірге көкірекшелерді, асхана сүлгілері мен ылғал сулықтарды көптеп алып шығыңыз.

Жолға шыққан кезде баланы кесте бойынша тамақтандыру қиын болса да, әдеттегі уақытта тамақтандырып көріңіз. Тамағы тоқ бала – бақытты бала. Сондықтан, жылау мен байбалам салмасын десеңіз, баланы уақтылы тамақтандыруға тырысыңыз. Бұл барлығы үшін де жақсы болады!