♡♡♡♡♡♡♡Халық емі ♡ ♡♡♡♡♡♡
Құпия ретінде
28.12.2015 в 01:24
♡♡♡♡♡♡♡Халық емі ♡ ♡♡♡♡♡♡

《《Сыздауық(шиқан). 》》》

Оны кей жерлерде шиқан деп те атайды. Сыздауық асқынып кетсе, көпке созылады. Әсіресе, бетке, мой ынға шыққанда өте қауіпті. Өйткені, қан тамырлары арқылы аурудың уыты миға шауып кетуі мүмкін. Сыздауық суықтың әсерінен, майлы без бен ткані-нің қабынуынан және киім қажағанда, не терінің бір нәрсе сызып кеткен жерін ауру қоздырғыш (стафилококк) микробы енуінен болады. Сыздауықтың жалғасып бірнешеу болып шыққан түрін фурункулез дейді.

Сыздауықты қолмен сығу, инемен, түйреуішпен шұқу мүлде қате. Оның жарылып, ішіндегі соқтасымен қанды іріңнің шығуына тек дәрігерлік емді ғана пайдаланған жөн. Адам дұрыс тамақтанып, дене, төсекорын тазалығын сақтаса, спортпен айналысса, сыздауықтан аулақ болады.

Шиқанның бірден-бір емі – пияз. Пиязды екіге бөле-ді де, бір жартысын таба-ға күйдірмей қыздырады, былқылдап босаса жеткілікті. Ыстық күйінде шиқанның аузына тартып, таңып тастайды. Пиязды 4 сағат сай- ын жаңалайды. Көп кешікпей шиқан жарылып, жазылады.