Everything.kz

Тіл жанашыры болсаң толықтай оқы!

Тіл жанашыры болсаң толықтай оқы! Пікір талас алаңдарында(комментарий) адамдардың қазақ тілі мен төл əріптерді жоғарғы дəрежеде қорлағанына куə болып, тілімді аяп кетемін. Біз "казак" тілін емес "қазақ" тілін білуіміз керек. Айырмашылық "к" мен "қ" əріптерінде. "Мен қазақша жазамын" деп ғаламторда жалған сөйлеп қажет емес, егер қазақтың төл таңбаларын қолдана алмасаң. Осы "ң" , "қ" , "ə" , "ұ" т.б əріптер ұмытылып барады. Көпшіліктің көзінше "мен казакпын, казак тилинде соилеймин, казак тилинин жанаширымын" деп жазу, өзіңнің жəне өзінің бағасын жойып бара жатқан, қазақ тіліне үлкен соққы емеспе. Ойланайық бауырлар. Қазақ тілі де бабамыздан қалған аманат, түсінемін, төл таңбаларды қолданып таза қазақ тілінде жазу оңайға соқпайтыны рас, алайда бұл тіліміздің сақталуына біраз көмегін тигізеді. Өзімізден бастайық; пернетақтамызға қазақ тілін енгізейік, осындай пікір талас алаңдарында қазақ тілінде, қазақ əріптерімен жазайық, достарымызға жазғанда төл таңбаларды қолданып жазайық, бұл ұят нəрсе емес, бұл өзінің бағасын жойып бара жатқан қазақ тіліне үлкен демеу. Қазақ тілінде сөйлеу бөлек, ал қазақ тілінде жазу ол мүлдем бөлек нəрсе. Қандай сылтау айтасың? Телефонымда қазақ əріптері жоқ дегің келе ме? PlayМаркетке кір, "kazakh keyboard" деп жаз, бағдарламаны жүкте, жəне төл əріптерді пайдаланып жаз. Осылайша өзіңнің тіл жанашыры екеніңді іспен дəлелде. Ал менің айтқан сөзіммен "келисесиндерма" əлде "келісесіңдер ма"? Келіссеңдер басқалармен бөліс, мүмкін олардың да тілі үшін жаны ашитын болар...
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества "Менің құпия сырларым"