Everything.kz

ОҚЫҢЫЗ, ҚЫЗЫҚ!!!

ОҚЫҢЫЗ, ҚЫЗЫҚ!!!
Өмір ♕
ОҚЫҢЫЗ, ҚЫЗЫҚ!!! Қыз үлкен әуежайда өз рейсін күтіп отырды. Оның рейсі кейінге қалдырылған еді, сондықтан ол бірнеше сағат күтуге мәжбүр болды. Ол кітап және бір пакет печенье сатып алып, тізіліп тұрған орындықтардың біріне жайғасты. Жанындағы орындықта печеньелер тұрды, ал одан кейінгі орындықта бір жігіт журнал оқып отырды. Қыз бір печенье алып жеген еді, жігіт те бір печенье алды. Қыз қатты ашуланды, бірақ үндеместен кітабын оқып отыра берді. Қыз әр алған сайын, жігіт те печеньеден біреу алып жеп отырды. Қыз қатты ашуланғанымен, қоғамдық орында шу шығарғысы келмегендіктен, үндемей кітап оқуын жалғастырды. Пакетте тек бір ғана печенье қалғанда қыз: "Көрейік, бұл әдепсіздің не істейтінін?!" деп ойлады. Жігіт журналдан бас көтермей, печеньені екіге бөліп, жартысын қызға берді. Қыздың шыдамы таусылды да, заттарын жинастырып, ол жерден кетіп қалды. Кейінірек, ұшаққа отырғанында, қыз көзілдірігін алайын деп сөмкесін ашқанда, таңғалды: ол жерде бір пакет печенье тұрған еді. Қыз сонда ғана өзінің печеньесін сөмкесіне салғанын есіне түсірді... Және ол әдепсіз деп санаған адам ешқандай ашуланбай, бар көңілімен оған асын бөліп беріп отырыпты... Ол қатты ұялды, бірақ қатесін түзеуге енді кеш болған еді. Ашуланардан алдын ойланыңыз, мүмкін сіздің ісіңіз дұрыс емес шығар?!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Өмір ♕