Everything.kz

Сағынба дейсіз,

Сағынба  дейсіз,
Ақыл қалта
Сағынба дейсіз, Сағынбау сізді мүмкін бе? Уақыт - өледі бір күнді жалғап бір күнге. Сағыныш деген санама жазған естелік, Дауа бар ма екен сағыныш деген шіркінге?! Сағынба дейсіз , Сағынбау сізді мүмкін бе? Көктемдей шырай жарқ еткен жұмсақ күлкіңде. Ұмыту маған әрине қиын. Ал сізге?... Ұмытатындар бар шаттығын айлы бір түнде. Сүйе алмағандар сағынуды сірә білмейді?! Не десең о де, жылағын, жаным күл мейлі. Ұмыт десең де ұмыта алмаймын о тоба, Санама ақыл, жүрекке әмір жүрмейді. Есіңе де алмай қуанышыңмен жүр мейлі, Ғашық болмағандар ғарыштың үнін білмейді, Күз келсін мейлі, тоңдырсын гүлін жанымның, Ерте көктемде бүр жарып қайта көктейді. Сізден алыстамын, таудамын ,мүмкін көлдемін, Сағыну менің - санамнан тапқан ермегім. Адалдығымды менің жүрегіңе салып сақтап қой, Оны айтпа маған! Жүрексіз күнім - өлгенім. Уыздай дәмі - уылжып тұрған сағыныш, Тіліңді берші , тілегімді берші шөлдедім! Ерболат Баятұлы
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Ақыл қалта