Everything.kz

Арқаны тік ұстау үшін...

Арқаны тік ұстау үшін...
Арқаны тік ұстау үшін... Қаншалықты сұлу болып, әдемі киініп тұрсаңыз да, бүкірейп тұрып бар болмысыңздағы әсемдікті құртып алатынымызды өзіміз де байқаймаймыз кейде. Сымбатты болып көрінбейтініміз өз алдына, салмақтың көбеюі, омыртқаның қисаюы, остеохондроз, сколиоз сынды ауруларға алып келетіні тағы бар. Бұған жол бермеу үшін дәл қазіргі сәттен бастап, денеңізді тік ұстаңыз! Қалай? Оның еш қиындығы жоқ. Ең бастысы,ол үшін күніне бірнеше минут ғана бөлсеңіз жеткілікті: 1. Алдымен арқаңызды кеңінен жазып жатып алыңыз. Қолыңызды желкеңізге қойып, орныңыздан көтеріліп көріңіз. 10 секунд тұрып, жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз 2. Орындыққа отырып, орындықтың арқасына ақаңызды тигізіңіз. Екі Қолыңызды желкеңізге қойып,біріктіріп,бар күшіңізбен иығыңызды түзеуге тырысыңыз. 3. Еденге ішіңізбен жатыңыз да арқаңызды алқанмен ұрыңыз. Аяғыңыз бен кеудеңізді көтеріп, 10-15 секунд осы қалыпта тұрыңыз. 4. Тік тұрыңыз да басыңызға кітап қойыңыз. Кітапты құлатып алмай 10 секунд тұрып, бөлмеде кітаппен жүріп көріңіз. Осындай жеңіл жаттығулар арқылы ақадағы бұлшықеттеріңізді нынғайтып, бойыңызды тік ұстап, сұлу әрі сымбатты көрінесіз. Сонымен қатар, арқасын түз ұстап, иығын көтеріп жүретін адамдар сенімді көрінеді. Ұмытпаңыз, түзу арқа сіздің әдетіңізге айналуы керек. Әрине, басында ішіңізді сәл тартып, иығыңзыды көтеріп жүру оңайға соқпайды. Есесіне, сіз қалай дұрыстап жүремін деп қиналмайсыз, қалай әдемі жүргеніңізді өзіңіз де байқамай қаласыз.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Көңіл толқыны ♕