Everything.kz

Жылқы - малдың патшасы

Жылқы - малдың патшасы
Жылқы - малдың патшасы Құлын, құлыншақ - жылқы төлі. Жабағы - бір жылға жейінгі төл. Тай - екі жастағы жылқы. Құнан - үш жастағы жылқы. Құнажын - үш жастағы ұрғашы жылқы. Байтал - төрт жастағы ұрғашы жылқы. Сойтал - төрттен асқан ұрғашы жылқы. Дөнен - төрт жастағы еркек жылқы. Бесті - бес жасар еркек жылқы. Айғыр - аталық жылқы. Сәурік - жас айғыр. Бие - аналық жылқы. Қулық - алғаш құлындаған бие. Қысырақ - үйірге қосылған жас мал. Мама бие - көп құлындаған жуас бие. Бедеу - құлындамайтын бие. Ат - ақталған (кестірілген) еркек жылқы, мініс ат.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Пайдалы кеңестер