Everything.kz

Алладан қорқып жылаудың артықшылығы

Is Covid Pandemic Over?

Алладан қорқып жылаудың артықшылығы 1. «Олар (Құран оқылғанда) жылаған күйі сәждеге жығылады. Міне, Құран олардың (Аллаға деген) ықыласын осылайша арттыра түседі» («Исра» сүресі, 109-аят). 2. «(Ей, мүшріктер) сонда сендер мына сөзге (яғни, Құранға) таңғаласыңдар ма? (Оны естігенде) күлесіңдер де, (қатаң ескертулерінен қорқып) жыламайсыңдар ма?» («Нәжім» сүресі, 59-60-аяттар). 1. Ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз (ﷺ) маған: «Қанекей, Құран оқышы», – деді. Мен: «Уа, Алланың елшісі, сізге түскен Құранды өзіңізге қалай оқымақпын?» – дедім. Сонда ол: «Мен Құранды басқалардың аузынан тыңдағанды ұнатамын», – деді. Содан мен «Ниса» сүресін оқи бастадым. Сөйтіп, «Ей, Расулым! Әрбір үмбеттен бір-бір куә (яғни, әр қауымның өз пайғамбарын) шығарғанымызда және сені мыналарға (яғни, бүкіл кәпірлерге) қарсы куә ретінде әкелгенімізде, олардың жағдайы не болар екен?»[*] деген аятқа келгенімде, Пайғамбарымыз (ﷺ): «Әзірше осы да жеткілікті», – деді. Оған бұрылып қарағанымда, көзінен жас парлап, жылап отыр екен», – деп айтты (Бұхари, фадайлул-Құран 33; Муслим, салатүл-мусафиринә 247) _______ [*]Ниса» сүресі, 41-аят 2. Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (ﷺ) «Сауылған сүттің желінге қайта кірмейтіні секілді, Алладан қорқып көз жасын көл қылған адамның да тозаққа кіруі мүмкін емес. Сондай-ақ, Алланың жолында жүргенде көтерілген шаң мен тозақтың түтіні еш уақытта бірікпек емес», – деп айтты» – делінген.(Тирмизи, фадайлул-жиһад 8/зүһд 9). 3. Абдуллаһ ибн әш-Шиххир (р.а.): «Бірде Алла елшісіне (ﷺ) барғанымда намаз оқып жатыр екен. Намазда тұрып оның егілгені сошалық – кеудесінен қайнаған қазанның бұрқ-бұрқ еткен дауысындай дыбыс естіліп жатты», – деп айтты (Әбу Дәуіт, саләт 158). 4. Әбу Умәма Судайи ибн Ажлан әл-Бәһили (р.а.) жеткізген : «Алла тағала екі тамшы мен екі ізді ерекше жақсы көреді. Екі тамшы дегеніміз: Алладан қорыққаннан төгілген көз жасы мен Хақ тағала жолында төгілген қанның тамшысы. Екі із болса, Алла жолында жүріп алған жараның ізі мен Алла тағаланың парыз еткен амалдарын орындаудың нәтижесінде пайда болған із», – деп айтты» – делінген (Тирмизи, фадайлул-жиһад 26).
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Жәннат бағында...