Everything.kz

Тәмәттүғ қажылығы

Тәмәттүғ қажылығы
Тәмәттүғ қажылығы Мәтін Имам Әл-Қудурий (Аллаһ оны рақымына бөлесін): Тәмәттүғ бізде (ханафилерде) муфрид қажылықтан абзал. Тәмәттүғ қажылығын жасаушы адам екі түрлі болады: біріншісі құрбандығын харамға алып келетін тәмәттүғ жасаушы, екіншісі құрбандығын алып келмейтін тәмәттүғ жасаушы. Тәмәттүғ қажылығының сипаты: құрбандығын алып келмейтін тәмәттүғ жасушы қажы миқатан бастайды, сөйтіп умра жасауға ихрам киеді, Меккеге кіреді, умра үшін тауаф әрі сағи жасайды, қаласа шашын алады немесе қысқартады. Сөйтіп умрасынан босайды (яғни ихрамын шешеді). Тәлбиәны тоқтатады, егер тауафпен бастаған болса. Кейін Меккеде ихрамсыз жүре береді (қажылық басталғанша). Тарвия күні (зул хижжа айының сегізінші күні) келгенде қажылық жасау үшін қайта харам мешітінде ихрам киеді. Кейін муфрид қажылар жасайтын нәрсені жасайды. Және тәмәттүғ қажылығының құрбанын шалады. Егер шамасы келмесе үш күн қажылықта, жеті күн қайтып келген соң ораза ұстап береді. Тәмәттүғ жасаушы адам құрбанын алып келгісі келсе, ихрам киіп құрбандығын алып келе береді. Егер құрбаны түйе болса, түйенің мойнына қоржын іліп қояды немесе үзеңгісін байлап қояды немесе түйеге белгі салып қояды, Әбу Юсуб пен Имам Мухамедтте белгі салу түйенің өркешінің оң жағын тіліп қою. Ал Имам Әбу Ханифада (Аллаһ оны рақымына бөлесін) өркешін тіліп белгі салмайды. Осы жолмен тәмәттүғ жасаушы адам Меккеге кірсе, тауаф, сағи жасайды және қажылыққа ихрам кигенше ихрамнан шықпайды. Егер зул хижжаның сегізіне дейін ихрам киіп қойған болса, болады, бірақ құрбан шалады. Ал енді айт күні келгенде шашын алса, екі ихрамнан да шығады. Мекке тұрғындары қиран, тәмәттүғ қажылығын жасай алмайды. Тек олар үшін ифрад қажылығы болады. Тәмәттүғ қылушы адам егер умра жасап болғаннан кейін үйіне қайтып кететін болса және құрбанын әкелмеген болса, тәмәттүғы есептелмейді. Кімде-кім қажылық айы келмей тұрып умраға ихрам кейіп алған болса, сөйтіп төрт айналымнан аз тауаф жасаған болса, кейін қажылық айы кіріп, қалған тауафын аяқтап, қажылық ихрамын киетін болса тәмәттүғ жасаған болады. Қажылық айы кірмей тұрып умраға төрт немесе одан көп тауаф жасап, кейін қажылық жасаса сол жылы тәмәттүғ жасаған саналмайды. Қажылық айлары: Шаууәл, зул қағда және зул хижжа айының он күні. Осы айларда қажылық үшін ихрам киіп алған болса рұқсат етіліп, қажы болған болады. Әйел адамның ихрам кезінде етеккірі келген болса, ғұсыл құйынып, ихрам киіп алады және қажылар жасап жүргендер сияқты жасай береді, тек тазарғанға дейін Қағбаны тауаф жасамайды. Әйел адам Арафаға тұрып және зиярат тауафын жасап алғанан кейін етеккірі келсе Меккеден кете береді де қоштасу тауафын тастап кеткені үшін еш нәрсе міндет болмайды. Түсіндірме Тәмәттүғ қажылығы Имам Ғабдул Ғани Әл-Мәйдәний (Аллаһ оны рақымына бөлесін): (Тәмәттүғ) араб тілінде пайдалану деген ұғымды береді, ал шариғаттағы мағынасы қажылық айында умра ихрамы мен қажылық ихрамын және осы екеуінің істерін біріктіруді айтады. (Бізде (ханафилерде) муфрид қажылықтан абзал) екі құлшылық түрін біріктіру болғандықтан. Тәмәттүғ қиран қажылығына ұқсайды, тек мұнда қосымша іс бар, ол қан ағызу ісі «Әл-һидәя». (Тәмәттүғ қажылығын жасаушы адам екі түрлі болады: біріншісі құрбандығын харамға алып келетін тәмәттүғ жасаушы, екіншісі құрбандығын алып келмейтін тәмәттүғ жасаушы) бірі құрбанын өзімен бірге алып келеді. Екіншісі құрбандығын алып келмейтін екеуінің үкімі екі түрлі, алда оған тоқталамыз. (Тәмәттүғ қажылығының сипаты): алдымен құрбандығын алып келмейтін тәмәттүғ жасаушы. (Тәмәттүғ жасаушы қажы миқатан бастайды) ихраммен, (сөйтіп умра жасауға ихрам киеді), (Меккеге кіреді, тауаф жасайды) умра үшін, алғашқы үш тауафта тездетіп жүреді. (Қаласа шашын алады немесе қысқартады. Сөйтіп умрасынан босайды (яғни ихармын шешеді)) міне бұл умраның түсіндірмесе. Егер умра жасаумен шектелгісі келген адам осылай жасайды «Әл-һидәя». Бұған келу тауафы (тауафул қудум) міндет емес, жаңағы умра үшін жасаған тауафы болғандықтан, сондықтан басқа нәрсемен шұғылданбайды. Бұл қажылық түрі муфрид қажылығынан басқаша, өйткені муфрид қажылығын жасаушы адам қажылығының рүкіні болып табылатын тауафтың орнына басқасын жасай алмайды. Қағбаға сәлем беру сияқты сүннеттермен қажылық уақыты басталғанға дейін айналысып тұрады.. жалғасы: http://www.tamshy.kz/?p=1809
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества ТАМШЫ НҰРЫ| TAMSHY.KZ