Everything.kz

Жылдам пудинг жасау!

Жылдам пудинг жасау!
Аспаздық
Жылдам пудинг жасау! Бізге қажет болады: — 1 литр сүт — 5 ас қасық крахмал — 1 стакан қант — 2 пакет ванилин — какао (мен карамельді соусты қостым) — үгітілген жаңғақ / кокос ұнтағы Какаодан басқаның бәрін жәй отқа қойып үнемі араластыра отырып пісіріңіз. Қоюланып қайнай бастаған кезде ванилин қосып, тағы 3 минуттай пісіріп астын өшіріңіз. Енді пудингті ыдыстарға толтырмай құйып шығыңыз да, үстінен молынан жаңғақ сеуіп шығыңыз. қалған пудингке какао не болмаса карамель қосып араластырыңыз да ыдыстарға толтырып құйыңыз. Үстінен қайта жаңғақ/кокос ұнтағын сеуіп тоңазытқышқа кем дегенде 2 сағатқа қойып қойыңыз. Қалауыңыз бойынша пудингтің үстіне шоколад ұнтағын да сеуіп қойсаңыз болады. Асыңыз дәмді болсын.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Аспаздық