Everything.kz

Баялды икрасы!

Баялды икрасы!
Аспаздық
Баялды икрасы! Иә, баялды. Бір кездері бір сайтта кабачоктың қазақшасы кәді дегенге келіспей дауласқаным бар, сөйтсем қателесіппін. Баклажан — баялды! Әдемі естіледі, Ә! Ендеше сол баялдымен қысқа дайындық жасайық, дұрысы түскі асқа арнайық) Ол үшін бізге: Баялды 0,5 кг Сәбіз 2 дана (орташа) Пияз 1 дана Болгар бұрышы 1-2 дана Қызанақ 1-1,5 кг Сарымсақ 6-7 дана Ащы келімдәрі Аскөктер Лавр жапырағы 2-3 дана Қара бұрыш Тұз Өсімдік майы... Дайындау әдісі: Баялдыны суреттегідей тураймыз және пиязды, болгар бұрышын, сәбізді, сарымсақты, қызанақты да солай турап аламы: Өсімдік майында қуырамыз: Бөлек ыдысқа алдымен сәбізді үстінен пиязды, қызанақты, болгар бұрышын салып қуырамыз: Шамалы қуырып, үстінен лавр жапырағы, тұз, бұрыш, ащы келімдәрі мен аскөктерді саламыз: 20 минут бұқтырып қойып, үстінен қуырып қойған баялдымызды саламыз: 45-60 минут шамасында баялды икрамыз дайын болады: Банкаға жауып тастасаңыз, қысты күні өкінбейсіз: Дайын болған баялды икрасы: Асыңыз дәмді болсын!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Аспаздық