Everything.kz

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. Алла құранда: «Ескерт! Өйткені ескерту мүміндерге пайда береді», - деді. (әз-Зарият сүресі, 55 – аят) ✅ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА ЕСКЕРТУ Өткінші сынақ өмірде шындық пен өтірік, дұрыс пен бұрыс, зұлымдық пен әділдік, ақ пен қара секілді бір-біріне қарама-қайшы жаратылыстардың бітіспес күресі адамзат баласының дүние есігін ашқанынан бері үздіксіз жалғасып келеді. Шындықтың жаршысы болған Адамға (ғ.с.) қарсы дұшпандық жасап, өтіріктің отын жағушы шайтан тұрды. Содан бері өмір атты көштің легі сол күрестің куәсі болып келеді. Біз де бәріміз Адамның (ғ.с.) ұрпағы болғандықтан, майдандағы дұшпанымыздың қаруын, күш-қуатын танымасақ, жеңілетініміз хақ. Ендеше, Алланың қарғысына ұшырап, тозақтың ауыр азабын арқалаған малғұн шайтанның кебінін кигіміз келмесе, оның құрған тұзағы мен барша айла-шараларын білуге міндеттіміз. «Хижр» сүресінің, 39 – аятында: «Ібіліс: «Раббым, мені қаңғыртқандығың үшін әлбетте адам баласына жер жүзіндегі жаман нәрселерді жақсы көрсетіп, олардың барлығын адастырамын» – деп Аллаға уәде берді. Шайтанның адамды адастыруының айла-шарасы өте көп. Соның бірі – музыка саласы. Музыка жастар арасында кеңінен таралған азғындық. Қаншама ескерту жасалып жатса да, бұл түйткіл мәселе шешімін таба алмады. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таралған бұл азғындық тамырын тереңге жайып, нық орналасқан. Либералды әлемнің шабуылы жастардың руханиятын тоз-тозын шығарып, әбден құлдыратып жіберді. Соның салдарынан ақ пен қараның аражігін айыра алмайтын халге душар болдық. Раббымыз «Фатыр» сүресінің, 6 - аятында: «Әлбетте, шайтан – сендерге дұшпан, сондықтан, оны дұшпан тұтыңдар! Ол өз тобын (яғни, өзіне ергендерді) тозақ иелері болулары үшін үгіттейді», - деп айтты. Батыста әншілер шоу-бизнесте атақ-абыройлы және сұранысқа ие болғылары келсе, әзәзілмен келісім шартқа отырады. Яғни оған табынады, оның қойған талаптарын жүзеге асырады. Атап айтқанда «Ұятсыздық», «арсыздық», «зинақорлық», «зұлымдық», «нашақорлық», «ішкілік», «суицид», «гомосексуализм» сияқты ақыл құптамайтын ар-ұждан келіспейтін азғындықтарды бейнебаяндар арқылы таратулары қажет. Сәйкесінше Ібіліс оған бай және атақ-даңқты болуын қамтамасыз етеді. Тіпті әншілер іштеріндегі жындары жайлы айтқан бейнероликтер интернет желісінде қаптап жүр. Жалаңаш әншілер, сахнадағы әдеп ахлағы жоқ қимыл қозғалыс, күпірлікке толған ән, жын жұғысқан әншілер, тағы да басқа негативті дүниелердің барлығы кездейсоқтық болуы мүмкін емес. Оған әндердің мәтіндеріндегі күпірлік сөздер мен бейнеклиптердегі құпия символдарды қосып қойыңыз. Бұл арнайы жоспарланған сайтани жоспар және күллі адамзатқа төнген қауіп. Жақында АҚШ-тың Детройт қаласында Әзәзілдің ескерткіші ашылды. «Жаңа әлемдік тәртіп» батыс әлемінде орындалды. Дінсіз қоғам құрылды. ✔ Қараңыздар: https://vk.com/videos-74436962?section=album_12 Бұқаралық ақпарат құралдары жын жұғысқан әншілерді үлгі алу эталонына айналдырды. Жастарымыз рэп орындап, атақ-даңқтың соңынан қуып мұсылманшылық шарттарын аяқ асты қылды. Ал қыздарымыз болса жаппай жалаңаштанды. Ұятынан айырылды. MTV сияқты музыкалық арналар қазақ жастарының иманын ұрлады. Ал отандық Gakku арнасы болса, шоу-бизнесті батыс идеологиясының шеңберінде дамытып жатыр. Осылайша отандық арналар қазаққа мүлдем жат көріністерді насихаттайды. Қоғамның азғындалуына әсер етеді. Ұстаз Ерсін Әміре былай деді: «Қазіргі заманда жалаңаштануды өнер дейді. Арақты тағы басқаша дейді. Əйелдердің бөтен еркектердің алдына шығып, үйіндегі жуынатын бөлмесінде жүргендей мың бұралып аунап жатқанын спорт дейді. Ал егер сен оны сынасаң, қарсы шықсаң, "міне мұсылмандар спортқа қарсы, міне мұсылмандар өнерге қарсы" дейді. Біз мұсылмандар, спортқа қарсы емеспіз, өнерге қарсы емеспіз. Біз азғындыққа, зинаға, қоғамның бұзылуына қарсымыз». Бұл сайтани шабуылдарға қарсы күреспесек, Алаш жұрты жақын арада ұлттық болмысынан айырылады. Тексіз ұрпақтар көбейеді. Дінсіз болады. Қазіргі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдарын үлкен қылмыстық ұйым деп айтуға толыққанды негіз бар. Ұлттың болашағына алаңдайтын, жанашыр телеарналар кемде-кем. Уа, қазақ жастары, біз сіздерге жын жұғысқан әншілер жайлы анық дәлелдер келтірдік. Оларға еліктеу былай тұрсын, әндерін тыңдаудың өзі жиіркенішті. Мұншалықты мәлімет жеткеннен кейін де, оларға еліктейтін болсаңыздар бұдан асқан зұлымдық жоқ. Раббымыз «Бақара» сүресінің, 145 – аятында: «Өзіңе мұншалық мәлімет келгеннен кейін, олардың ойларына еліктесең, әлбетте сен анық залымдардан боласың», - деп айтты. Ібіліс киноиндустрия мен музыка арқылы Еуропа халықтарын азғырды. Шын мәнінде олар құрдымға кетті. Қазақ халқына да осы қауіп төніп тұр. Бұл бейжай қарайтын мәселе емес, ұлт болып ұйысып шешім шығаруды талап ететін түйткіл мәселе. Бұл сайтани шабуылға қарсы әрқайсымыздың атқару керек болған міндетіміз – ең алдымен Алладан пана тілеп дұға жасау, сосын күллі қазақ елін хабарландыру, ақпараттандыру. Осыған орай көптеп таратып, Алаш жұртына ескертіңіздер! «Ниса» сүресі, 85 – аят: «Кім жақсылықты қолдаса, оған одан несібе бар. Ал және кім жамандыққа болысса, оған да одан бір тиесі бар. Алланың әр нәрсеге күші басым». Имран ибн Хусейн Пайғамбарымыз (ﷺ): «Бұл үмметте қорлық көрсету, азғындық жасау мен зинақорлықта айыптау көбейеді» деген сөздерін келтіреді. Бір адам одан: «Бұл қашан болады?» деп сұраған кезде ол: «Әнші әйелдер пайда болып, музыка тарап, адамдар жаппай ішімдік іше бастағанда» деп жауап берді. (Тирмизи). Біз азғындық пен ұятсыздық мұсылман қаумын баурап алғанының куәлері болып отырмыз, әнші ерлер мен әйелдер күні бойы теледидардағы ұлттық эстрада туралы бағдарламаларында ән салуда, сол әндерді біз көптеген этникалық мұсылман отбасыларының үйлерінен де естіп жатамыз. Бұндай мұраттарының пайда болуы халықтың этнос ретінде одан бетер құлдырауына себепкер болады. Халықтың қалыпты жағдайы актерлері мен әншілерін емес – ғалымдарын, тақуалары мен батырларын үлгі тұтқандығында. ✔ Ақыретіңіз үшін пайдалы мағлұматтар. Міндетті түрде сілтеме арқылы өтіп, мақаланы оқыңыздар. 2. https://vk.com/tamshy_kz?w=wall-67811748_3320 Музыка – өте күрделі мәселе. Тамырын тереңге жайған, қоғамға дендеп кірген азғындық. Жастарымыз бұл азғындықтан түбегейлі бас тартуы оңай болмасы анық. Алайда, мынаны есте сақтаңыздар: «Сендер ұнатпаған істе жақсылық болуы мүмкін, сендер ұнатқан істе жамандық болуы мүмкін. Алла біледі, сендер білмейсіңдер». [Бақара сүресі, 216 - аят] P.S. Құрметті админ бауыр, жариялауыңызды өтініп сұраймыз! Ән сүйгіш жамағат осы топқа тіркелген. Оларға әлі де есекрту жетпеген болуы мүмкін. Бейжай қарамай жақсылықтың таралуына үлес қосуыңызды сұраймыз! Алла елшісі (ﷺ): «Кімде-кім жақсылыққа сілтер болса, онда оған жасаушының сауабындай сауап болмақ», - деп айтқан. (Муслим 1893). Алла баршамызға тауфиқ және хидаят берсін! Алла елімізді тура жолынан адастырмасын! ҰЛТЖАНДЫ БАУЫРЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества ★Жас әншілер әлемі♪♫ [www.toimusic.kz]