Everything.kz

Керек осы адамға

Керек осы адамға
Керек осы адамға Керек осы адамға? Бүгін бе, болашақ па?! Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?! Қиын-ау, өзің жатып жерошақта, Жансыз тән, жанарсыз көз - болашақта. Әлде өмір сүрмекпісің бүгініңмен?! Бүгіндік тірлік қуып, жүгірумен, Өтпекпісің?! Қолыңды бір-ақ сілтеп, Ұмытып болашақты түңілумен?! Күн кешіп жығылумен, сүрінумен?! О, өмір! О, неғылған сиқыр едің, Қалай-қалай соғады құйты желің?! Діңкелеп, шаршап келіп жантайғанда, Тәтті бір түс көрсеткен ұйқы ма едің?!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев