Everything.kz

6 нәрседен мақұрым қалдырмайтын 6 нығмет

6 нәрседен мақұрым қалдырмайтын 6 нығмет
Ihsan.kz
6 нәрседен мақұрым қалдырмайтын 6 нығмет 1. Нығметтерге шүкір еткен адам нығметтердің артуынан мақұрым қалмайды. Өйткені, Алла Тағала «Ибраһим» сүресінің 7 аятында: «Егер шүкір етсеңдер, әлбетте нығметімді арттыра түсемін», – деп уәде береді. 2. Басына келген бәлеге, сынаққа қарсы сабыр еткен адам сауаптан мақұрым қалмайды. Өйткені, Алла Тағала «Зүмәр» сүресінің 10-аятында: «Шын мәнінде төзімдік танытып, сабыр еткендерге сый-сияпатымыз есепсіз беріледі», – дейді. 3. Күнәларына шынайы, ықыласты түрде тәубе еткен жан тәубесінің қабыл болуынан мақұрым қалмайды. Өйткені, «Шура» сүресінің 25-аятында: «Ол құлдарының тәубесін қабыл етеді де, күнәларын кешіреді», – делінген. 4. Алладан кешірім, жарылқау тілеген адам кешіруден, жарылқаудан мақұрым қалмайды. Өйткені, Нұх сүресінің 10-аятында: «Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені, Ол өте жарылқаушы», – делінген. 5. Дұға еткен адам дұғасына жауап алудан мақұрым қалмайды. Өйткені, Алла Тағала: «Ғафир» (Мү’мин) сүресінің 60-аятында: «Маған жалбарыныңдар! Тілектеріңді қабыл етемін», – дейді. 6. Алла жолында садақа берген адам бергенінің қарымынан мақұрым қалмайды. Өйткені, Сәбә' сүресінің 39-аятында: «Алла жолында бір нәрсе жұмсасаңдар, Алла есесін береді. Ол, ризық берушілердің ең жақсысы», – делінген. Әбу Ләйс Самарқандинің «Тәнбиһ ул-Ғафилин» кітабынан. | IHSAN.KZ
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Ihsan.kz