Everything.kz

Салем. Қалың қалай? Сені мазалап тұрған тағы да мен ғой. Бұл жолы көп уақытыңды

Қыз ғұмыры ♕
Салем. Қалың қалай? Сені мазалап тұрған тағы да мен ғой. Бұл жолы көп уақытыңды алмаймын. Тек бар шындықты алдыңа жайып салғым келеді. Өтінемін, бірер минутыңды бөліп оқып шықшы. Білемін... бұл сен үшін маңызды емес те шығар. Бірақ оқып шыққаныңды қалаймын. Мүмкін маған деген ойың өзгерер. Жарайды, басынан бастайын... -Ол күн мен үшін ерекше басталып еді. Таңертеңгі көңіл күйім керемет еді. Бүгінгі көңілімді ешкім де, ештеңе де түсіре алмайды деп ойладым. Бірақ... Сол телефон қоңырауы... Өмірім сол секундта тоқтап қалғандай болды. Денемді сезбей қалдым. Егіліп жылай бердім. Мені сонша жылатқан сенің қарындасыңның қоңырауы еді. Ол саған бұл жайлы ештеңе айтпады білем. Өйткені ол да мен секілді сенің бақытты болғаныңды қалады. Ол менің де саған ештеңе демеуімді өтінді. Бірақ айтқанда не өзгерер дейсің. Əй, мейлі, оны қойшы. Мен саған тек бақыт тілеймін. Сүйген жаныңмен бақытты бол. Мен енді сені ешқашан мазаламаймын. Тек бір ғана сұранарым бар. Бүгін 9 наурыз. Осы күнді ұмытпашы. Жыл сайын тек осы күні ғана мені есіңе алшы. Менің қайтқан күніме арнап Құран бағышташы. Сенен соны ғана өтінемін... Қош... ? С.Ш.С. ?
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Қыз ғұмыры ♕