Түн күледі, тілегі оның төзімсіз,

Ақыл қалта
12.11.2015 в 02:32
Түн күледі, тілегі оның төзімсіз,
Менің нәзік күлкімсіз.
Бәрібір де менің күлкім, көзімсіз,
Сіздің өмір сүйкімсіз.
Суық күндер тұрып алды малданып,
Өз дегенін қылар қыс.
Тіршіліктің тәттісіне алданып,
Сосын қайта жыларсыз.
Таң атады, сосын жылдам кеш келіп,
Жалқау тұман жайлайды.
Менмендіктің машақатын ескеріп,
Тәңір бақты байлайды.
Жүргенменен бақытты боп өтірік,
Сағыныштан ауырсыз.
Қарт Каспийдің толқындары өкіріп,
Шағаласы сабырсыз.
Ойларыңыз орын таппай қаңғырып,
Арман-мақсат жүйесіз.
Жүргеніңіз бозбаладай мәңгіріп,
Мені өлердей сүйесіз.

А.Шамшадинова


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Ақыл қалта

Популярное