Поэзия әлемі ♕
22.10.2015 в 01:30

Жүрегімде пайда болды ізденіс

Жүрегімде пайда болды ізденіс

Сүйу деген болған еді үзген іс.
Өміріме еніп алды өзгеріс.
Сен келгелі өміріме жарығым,
Жүрегімде пайда болды ізденіс.

Тас жүректі ерітетін сенбе екен.
Өзгелерден болғаныңғой сен бөтен.
Жараласаң бір күндері жүректі,
Айтшы жаным қайда апарып емдетем.

Сендей адам бұл өмірде кемде кем,
Саған жету биік шыңдай өрме екен.
Не болсада саған жету бар ойым,
Жүрегіңе қалай барып төрлетем.

Есіңдеме сол бір айтқан сөздерім,
Ұнап қалды деп едімғой көздерің.
Жүрегіңде жоқта шығар бос орын.
Жүрме екенсің бақыты боп өзгенің.

Елес болып ұмытылып баяғым,
Саған қарай тартып тұрғой аяғым.
Ғашық болдым байқаусызда мен саған.
Бұл сезімді айтшы қалай жоямын.

Деп ойлама осы күнге жеттіңбе,
Мен ермеймін анда мында көшкінге.
Тас жүректер тез сүймейді ешкімді,
Сүйсе егер бермес сені ешкімге.

Сені ойлайтын болып алдым күні түн.
Тас жүректің бұздың ау сен құлыпын.
Парақшаңа салсам мына өлеңді,
Ашуланып жүрмейме екен жігітің...
Популярное