#53 Мына тарихи деректер ұлттық тестілеуде және кешенді тестте жиі кездеседі. Сұрақтар мен жауаптар. Қазақстан тарихы

#53 Мына тарихи деректер ұлттық тестілеуде және кешенді тестте жиі кездеседі. Сұрақтар мен жауаптар. Қазақстан тарихы

Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы

Ерте заманда кеншілер темірді пеш - көрікпен өндірген. Тастан немесе шикі саз балшықтан салынған пештің астынан ауа үрлейтін көрік орнатылды. Пештің ішіне бірнеше қатар етіп салынған отын мен кен тасын қалап, отынды тұтатып, көрікпен ауа үрлеген. Темірдің шала қорытылған қиыршықтарын бөліп алып, төске салып, балғамен соғып, сом темір алған.

Геродоттың мәліметінше, сақтар қыс кезінде ағаштан жасалған үйлерде тұрған. Қатты суық болғанда ағаш үйлер қалың ақ киізбен жабылды. Бұдан басқа шикі кірпіштен салынған үйлері болған. Мал өсіруші көшпелі сақтардың төрт және алты доңғалақты арбаға орнатылған киіз үйлері болды.

Сақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың өмірінде жылқы мен қой өсіру маңызды орын алды. Жылқыны мініс көлігі ретінде қолданды. Сақтар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірген. Қойдың жүні киіз басу, арқан есу, жіп иіру үшін қойдың жүні пайдаланылды. Сақ малшылары өркешті түйе өсірген. Көшкенде түйені күш-көлік ретінде қолданған.

Сақтар ауа үрлейтін көрікпен пештің ең жоғары температурасын 1200 градусқа жеткізген. Кен тасы ұнтақтарынан балқыған темір алу үшін 1530 градус температура қажет. Сондықтан темірдің шала қорытылған шикі қиыршықтарын ғана алуға мүмкіндік болған.

Сақтардың соғысқа және аңшылыққа арнап күймелер жасаған. Күймелер екі доңғалақты және доңғалақтарының құрылысы әр түрлі болуымен ерекшеленген. Соғыс күймелеріне аттар жегілген. Жүк арбаларын қос ат немесе түйе сүйреген.

ҰБТ - Кешенді тестте кездесетін конспектегі сұрақтар.

Алматы маңынан табылған құрбандық табағын көрсетіңіз:
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын сақтар қандай рабамен көшіп отырған:
Сақтарда балық аулау кәсібі қай аймақтарда жақсы дамыған:
Шірік-Рабат қонысы қайда орналасқан:
Қай ежелгі тарихшының айтуынша сақтар қыс кезінде ағаштан жасалған үйлерде тұрған:
Ерте замандағы темірді өндіру тәсілі:
Көрік арқылы пештің температурасы жеткізілді:
Сақтар соғысқа арнап жасады:
Сақтардың негізгі шаруашылығы:
Сақтардың қыс кезінде тұратын баспанасы:

ҰБТ-ға және КТА кешенді тестке 100% сенімді барлық пәннен шпаргалкаларды осы сілтемеден, тапсырыс беріп ала аласыз: http://vk.com/kazentkz

Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!
Популярное