Сабырсыз суық күйге,еніп алып.

Сабырсыз суық күйге,еніп алып.
Жанымды жабырқауға лайықтайсың.
Шеңгелдей, шер мен мұңның кегін алып.
Сезімсіз, қатыгез деп айыптайсың.

Мін тауып тұрсаң дағы қылығымнан.
Тіл тауып сырласуға асығасың.
Балауса бал аңқыған бұрымыңнан.
Жанардан нұр ұшқынын жасырасың.

Жұмбақсың,жүрегіңде не жатқанын.
Ұғына алмадым деп назданасың.
Тыңдаттың махаббатың мұң дастанын.
Үмітің ешқашанда алдамасын.

Абайсыз ағат кеткен сөздерімнен.
Мөлдір шық, жанарыңа жас келе ме.
Үнсіз қап,ұзақ күткен кездеріңмен.
Сағынтсам, сәулем маған өкпелеме.

Сыйладым саған жаным бақ гүлімді.
Ізгілік мейріміңе ақы сынды.
Қимадым ақ кіреуке пәктігіңді.
Таптым да іздеп жүрген бақытымды!!!

Кенжемұрат Сақтаған