Қазақша "КВН" сайыстарының яғни жайдарманның бүгін он жылдығы аталып өтілді. Осы уақыт арасында əзіл...

Қазақша "КВН" сайыстарының яғни жайдарманның бүгін он жылдығы аталып өтілді. Осы уақыт арасында əзіл сахнасынан алға суырылып "Чемпион" атанған жəне жоғары лига сахнасында өнер көрсетіп жүрген командалардың басын біріктіріп, ауқымы кең кезекті республикалық арнайы жоба ұйымдастырылды. Нəтижесінде, Сыр елінен аттанған "Арал-Ас" жəне "Қармақшы құрамасы" жайдарман топтары 2-орынды қанжығаға байлады. Бұл да Сыр жайдарманшыларының кезекті жеңісі! "Қызылорда КВН" Филиалының ұжымы өз кезегінде жеңімпаздардың жеңісін ескере келе, жайдарманның туған күнімен құттықтайды! Сонымен қатар, бүгінде көрерменнің көзайымына айналған жайдарманның дамуы жолында еңбек етіп жүрген жандардың жұмыстарына сəттілік тілейміз!

#Жайдарман

#jaidarmanbday

#jaidarmanbday2015

#jaidarman

Jaidarman OFFICIAL

[id308421728|Есен Елеукен]

#Қызылорда_жайдарман

#ҚызылордаЖайдарман

#Kyzylorda_jaidarman

@aabdusaid