"ҒАШЫҚ БОЛҒЫМ КЕЛІП ЖҮР..." (А.Құдайберген)
04.08.2015 в 06:41

Кім не десе, о десін...

КІМ НЕ ДЕСЕ, О ДЕСІН...

Кім не десе, о десін, алаңсызбын,
Жүрегім бермей қойды маған тізгін.
Сырым менен шынымды ақтарайын,
Күлгеніңіз ұнайды маған сіздің.

Кім не десе, о десін, басылмаймын,
Мен жұлдыз болайын қасында айдың.
Құлатамын күдік пен бар күмәнді,
Ұнатамын мен сізді, жасырмаймын...

Кім не десе, о десін, барым - арым,
Дертім бар жазылмаған табы қалың.
Бойымнан ытқып демім шыққан сайын,
Қамығамын, мен сізді сағынамын.

Кім не десе, о десін, жібек сезім,
Амантық тілейтұғын тілекші өзім.
Ары биік, аяулы, мен сүйген жан,
Ұғынар деп ойлаймын жүрек сөзін...

© Арман Құдайберген #АҚ
Популярное