ҰБТ 2016 | КӨМЕК | ЖАУАП | ТЕСТ | ЕНТ 2016
27.11.2015 в 03:00

Қазақтың біріншілері (XV - XX ғ.ғ.)

Қазақтың біріншілері (XV - XX ғ.ғ.)

Бірінші хан - Керей хан Болатұлы(1465-1473)

Бірінші ойшыл - Асан Қайғы (Асан Сәбитұлы, XIV - XV ғ.ғ.)

Бірінші дәрігер - Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы(1397-1492).
Еуропалықтардан бұрын оспадан вакцина тапқан.

Бірінші шешен - Жиренше шешен (XV ғ.)

Бірінші заң шығарушы - Қасым хан Жәнібекұлы(1455 - 1523/1524)

Бірінші тарихшы - Қадырғали Қосынұлы Жалайри (1530–1605)

Азия мен Еуропаны аралаған бірінші саяхатшы - Қазыбек бек Тауасарұлы(1692-1776)

Ұлы жүздін бірінші ханы - Жолбарыс хан Айтақұлы(1718-1740)

Орта жүздін бірінші ханы - Сәмеке(Шахмұхаммед) хан Тәукеұлы(1718-1734)

Кіші жүздін бірінші ханы - Әбілқайыр хан Айтақұлы(1718-1748)

Бірінші қыз батыр - Гәуһар (XVIII ғ.). (Қаракерей Қабанбай батырдың әйелі, Бәсентиін Малайсары батырдын қарындасы)

Қазақ даласындағы көтерілістердің бірінші басшысы - Сырым батыр Датұлы(1783-1797)

Қазақтан бірінші шыққан ресей генералы және қазақ даласындағы бірінші мектеп ашқан - Жәңгір хан Бөкейұлы(1831 жылы генерал лауазымын алған)

Бірінші зерттеуші-ғалым - Шоқан Уәлиханов(1835-1865)

Бірінші мұғалім, ағартушы, оқулық шығарушысы - Ыбырай Алтынсарин(1841-1889)

Қазақша жазба әдебиетінің бірінші қалаушысы - Абай Құнанбайұлы(1845-1904)

Жоғары білім алған бірінші қазақ - Сейдахмет Сүйінішқалиев (1881 жылы Қазан университетінің физикалық математикалық факультетін бітірген)

Екі жоғары білім алған бірінші қазақ - Дінмұхаммед Сұлтанғазин (1895 жылы Санкт Петербург университетінің шығыстану мен құқық факултетін бітірген)

Қазақтан шыққан бірінші революционер большевик және дүниежүзін аралап келген қазақтын бірінші саяхатшысы - Әліби Жангельдин(1884-1953)

Қазақ тілінде шыққан тұңғыш газеттін қалаушысы - Шаһмардан Ыбрайымов(Түркістан уәлаятының газеті, 1870-1882 ж.ж.)

Бірінші журналист - Нәзипа Құлжанова(1887-1933)

Бірінші елші, дипломат - Нәзір Төреқұлов(1892-1938)

Бірінші режиссер - Жұмат Шанин(1892-1938)

Бірінші әйел-мұғалім - Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова (1894 жылдан бастап)

Бірінші қазақ, құрметіне аты астрономиялық объектке берілген ғалым - Қаныш Сәтпаев(1899-1964)

Бірінші суретші - Әбілхан Қастеев(1904-1973)

Бірінші әйел-дәрігерлер - Гүлсім мен Мәриям Асфендияровалар (1908 жылы Санкт Петербург медицина университетін бітірген)

Қазақ тіліндегі бірінші журнал қалаушысы - Мұхаммеджан Сералин ("Айқап", 1911-1915 ж.ж.)

Әлем чемпионы лауазымын алған бірінші қазақ - Қажыымұқан Мұнайтпасов (1909 ж.)

Роман жазған бірінші қазақ - Міржақып Дулатов ("Бақытсыз Жамал", 1910 ж.)

Қазақ алфавитін және оған оқулық бірінші шығарған - Ахмет Байтұрсынов(1912 ж.)

Бірінші биші - Шара Жиенқұлова(1912-1990)

Қазақстанның (Алаш Орданың) бірінші премьер министрі - Әлихан Бөкейханов(1917-1920)

Шетелде қазақ әндерін бірінші орындаған - Әмре Қашаубаев(Париж, 1925 ж.)

Әскери академияны бітірген қазақтың бірінші командирі - Рамазан Құрманғалиев(Ленинград, 1930 ж.)

Бірінші ұшқыш - Жақыпбек Малдыбаев (1938 жылы авиакатастрофада қайтыс болды)

Рейхстагқа туын тіккен Кеңес Одағының бірінші солдаты - Рақымжан Қошқарбаев(1924-1992)

Кеңес Одағының батыры атағын алған бірінші қазақтар - Нарсүтбай Есболатов, Әлиасқар Қожабергенов, Әліпбай Қосаев, Мұсабек Сеңгірбаев (Олардың бәрі 1941 жылы Мәскеуді қорғаған)

Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алған бірінші қазақ - Талғат Бигельдинов(1944 ж., 1945 ж.)

Бірінші спорт мастерлары - Ш.Бекбаев(жеңіл атлетика, 1943 ж.), Шоқыр Бөлтекұлы (бокс, 1946 ж.), әйелдер арасында - Г. Майлыбаева (атқыш, 1953 ж.), А.Муслимова (шахмат, 1965 ж.)

Социалисттік Еңбек Ері атаңһғын алған бірінші қазақтар - Асайынов(1943), Рысқұлова(1947), жазушылар арасында - Ғабит Мүсірепов(1974), дәрігерлер арасында - Ысқақ Әлібеков(1969).

Олимпиада қатысқан бірінші қазақ - Ғұсман Қосанов (Рим, 1960 ж.)

Олимпиада чемпион болған бірінші қазақтар - Жақсылық Үшкемпіров (күрес), Серік Қонақбаев (бокс) (Мәскеу 1980 ж.)

Тәуелсіз Қазақстанның бірінші президенті - Нұрсұлтан Назарбаев

#тарих@ybt125
#информация@ybt125