Нақыл сөздер,өлеңдер,қара сөздер...
30.01.2016 в 09:15

Тәубене кел!

Тәубене кел!

Көп жуылған көйлектей өңі кетіп,
Өмір өтіп барады, өмір өтіп.
Туылғанда қуантқан туғаныңды,
Өлеріңде кетесің еңіретіп.

Өмір өтіп барады, шараң бар ма?
Кеш батарын біле бер таң ауғанда.
Қарқылдайды қашанғы анау қарға,
Арпылдайды қашанғы адамдар да?!

Құлшылықсыз Құдайға бағаң бар ма?
Намазың жоқ, жаңғырмас санаңда Алла.
Ниет түзу, әйтеуір, көңілі аппақ,
Қараң қалғыр, бір күні қараң қалма!

Алма кезек өмірде жанып, сөніп,
Дақпырт жолдас болмайды, даңқ серік.
Пайғамбардай үлгі етер тұлға бар ма?
Әр сөзіне тұрғанмен халық сеніп.

Тәубесі жоқ жан болсаң кері жүрген,
Алла алдына барасың не жүзіңмен?
Қаншама жыл дем алмай дүние жинап,
Қанша адамның бір сәтте демі үзілген?

Теңгедей-ақ болардай темір етік,
Өмір өтіп, барады өмір өтіп.
Ақиқатты мойындай алмағасын,
Көсемсиді жандардың көбі көкіп.

Бір намазды көрмеген толық оқып,
Көсемсіген солардың көбі көкіп.
Жаратқаннан қол үзіп қалмаса екен,
Жайнамазға тұрғанда қолы жетіп…

Авторы: Нұрлан Қыстаубаев
Популярное