Ажыраспа!
Авторы: Айбек Бестенқұлов

Бас тартып ертеңгі су, қазір астан,
Қандай опа береді ажырасқан?
Ашуыңды жеңдірші ақылыңа.
Жер - күлкі, сыйласыншы әзіл - аспан.

Кең қылсаң, кем болмайсың, керегені
Баланы, толтырасың немерені.
Кеше үйіңе келгенде құдалыққа
Сөз сөйлеген кісілер не деп еді!?

Ұрыс-керіс болса да, керіс-ұрыс.
Жасама жұбайыңа кем ұсыныс.
Келе жатқан ұрысты тоқтатсаңдар,
Отбасыңа келеді тегіс ырыс.

Жүрегіңе орнатпай қара құлып,
Құдай қосқан жарыңа қара күліп.
Әйел кейде ересек болғанымен,
Анда-санда жасайды бала қылық.

Жан-жарың ғой жақсылық тілеуші адам.
Сан-саққа жүгіреді білем санаң.
Өзіңнің жұбайыңды жамандасаң,
Жақсы жарын бере ме біреу саған?

Бостан босқа таусылмай жылай күзде,
Бірімізге біріміз ұнаймыз де.
Жақсы көзбен қарасақ жарымызға,
Жақсы көзбен қарайды Құдай бізге!
Популярное