Қазтуған жыраудың қазақ әдебиетіне мүлдем таңсық «Ноғайым» деген жырын ноғайлардан сұрап алып, ептеп тәржімалап беріп отырмын...

Тарих әлемі
29.02.2016 в 07:16
Қазтуған жыраудың қазақ әдебиетіне мүлдем таңсық «Ноғайым» деген жырын ноғайлардан сұрап алып, ептеп тәржімалап беріп отырмын...

Ноғайым

Мал мен жерден зат қалмай,
Қалмақтардан қаша алмай,
Қалды-ау менің ноғайым.
Орақшыдан күлте алып,
Отыншыдан шырпы алып,
Орға барып ұрынып,
Орып тауға сүрініп,
Өлді-ау менің ноғайым.
Ана Еділді алдырып,
Арғымағын талдырып,
Әке менен ананың,
Ақ үмітін сал қылып.
Азды-ау менің ноғайым.

Жетісаным ел іздеп,
Жембойлығым жем іздеп,
Етісқұлым көп халқым,
Ебіріне ем іздеп,
Тозды-ау менің ноғайым.
Бірі кетті Қырымға,
Бірі кетті Ұрымға.
Батыр елдің баласы,
Біз де кетіп барамыз.
Биік таудың қырына.
Ақ Жайықты жандырып,
Ана Еділді сөндіріп.
Ақ Қобанға ақыры ноғай барды деп,
Аласасын тепкілеп,
Алғасайды ноғайым.
Ақырысы бұл күнде,
Ақ Қобанға иіліп,
Асқар тауға сиынып,
Ақ Шатырын құрдырып,
Аяқтанды-ау ноғайым.

Қабағына бөрік киген,
Кабардымен дос болып,
Шекесіне бөрік киген,
Шеркестермен дос болып,
Шекеленді ноғайым.

Ақырысы бір күнде,
Аюкедей хандарды,
Аюдайын ақыртып,
Аждаһадай ысқыртып,
Ана Еділде еркін жайлар ноғайым.

Түсініктеме үшін:

Орып (Уруп) – Кавказдағы тау
Жетісан – ноғай руы
Жембойлық – ноғай руы
Етісқұл – қыпшақ руы
Ұрым – Осман патшалығы
Қобан – бүгінгі Кубань (Ресейде)

(Көрнекілік үшін Алибек Койлакаевтың «Қазтуған мен Любектің (поляк рыцары) шайқасы» картинасы берілді)
Популярное