♫♪ Жаңа әндер | New Music ♪♫
26.10.2015 в 06:42

Міне...

Міне...
Күз де келді,көңілді күңірентіп,
Қатқыл суық,жан жылытар күн де кетіп.
Қадам басып келемін тар көшеде,
Алтын түстес төсеніште ,түнделетіп.

Ей ,аспан...
Сірә,сен менің жанымды түсіндің ау,
Қара бұлтпен төніп келіп,жаңбырлатып күрсіндің ау.
Жаңбырменен қосыла,мендік дүние...
Күрсінсе -күрсініп,жыласа- жылап, тұрысы мынау.

Жұлдыздар жымың қақты дейін десем,
Жұлдыздар,ренжи көрме...
Қалай айтам???
Қара бұлттың құрсауынан,бір сәтке көрінбесең.
Көрінбесең...
Айшықтай сәулеңменен ерек болып,бөлінбесең.

Жә,жә, жарар...
Бұл табиғат заңдылығы...
Мезгілменен табиғатта,адамда өзгермесе,
Айтыңдаршы...
Қайда қалды өмірдің мәнділігі?!