Қорқыныш Қамалы | Бір миллион қызық оқиға ♕
29.02.2016 в 04:15

Менің жасым қазір 35-те. Өзімнің неге тұрмысқұа шықпай, отырып қалған қыз атан­ғанымды кеш білдім. Б...

Менің жасым қазір 35-те. Өзімнің неге тұрмысқұа шықпай, отырып қалған қыз атан­ғанымды кеш білдім. Бәрі де анамның абысынының көре алмауынан болған екен. Ол кісі – атамыздың екінші әйелі.

Біз отбасында жеті ағайындымыз. Анамның көп бала тауып, оларды өсіріп, жетілдіргенін көре алмаған. Анам жас күнінде бұ­ған мән бермеген көрінеді. Бірақ біздің есейген шағымызда апамның жасаған бұл дуасы ағаларым мен әпкеле­ріме де кесірін тигізіп отыр. Үлкен ағам отбасын құруын құрғанымен екі ай өтпей-ақ ажырасып тынды. Ал екінші ағам әлі бойдақ. Әпкем болса, үш баласымен ажырасып, үйде отыр. Басқаларының да жағдайы мәз емес. Айта берсең әрқайсымыздың өз хи­кая­мыз бір дастан болары сөзсіз. Мен тек өзіме қатыстысын айтқым келеді. Себебі қазіргі уақытта тұрмысқа шықпай оң босағада отырып қалған мен секілді қыздар көп. Соларға сабақ болсын әрі мұндай жағдайдан құтылудың да жолын айта кетпекпін.

Үлкен апамыздың бізге бұрын да талай дуа жаса­ғанын білетін анам бірде үйге келіп: қызым, осы сен жақсы молдаға оқытылып көрші. Айсапардың жасаған дуасы саған да тиген болар. Содан да күйеуге шықпай қалған шы­ғарсың», – деді. Не дерімді біл­мей, аузыма сөз түспей қалды. Анамның осы уақытқа дейін үнсіз келіп, енді осылай деуі мені таңқалдырды.

Содан күн­дер­ өте келе мен үлкен әп­кеммен ақылдаса отырып, Ал­маты қаласындағы бір тәуіп­пен сөйлестім. Ол кісі маған: «Сендердің үйлеріңе тү­гелдей дуа жасалған. Сенің де тұрмысқа шықпай отыр­ғаның содан. Басқаларға да айтарым сол. Сонымен бірге сендерді бауырларыңмен ит-мысықша ырылдасып, бір-бірі­мен тіл табыса алмай өтсін деп те сиқырлапты. Енді сен маған сол үйіңде асырап отырған мысықтың, иттің, есектің жүндерінен қырқып әкеліп бер», – деді.

Бұған сенер-сенбесімді білмей, мен үйге қайттым. Сосын ешкімге білдірмей, тәуіптің әлгі айт­қандарын орындадым. Тіпті анама да ештеңе айтпадым. Тек дуаның күші қайтқанда ғана бә­ріне айтамын деп ойладым.

Әлгі айтылған хайуандардың жүндерін апарып бергенімде тәуіп: «Менің бұл дуаны қайтаруыма көп уақыт кетеді. Алматыда отырып, оқи бере­мін. Дуаны жоямын. Әлі тұр­мысқа шығып, бақытты болып кетесің», – деген еді. Ал екі айдан кейін-ақ, тәуіптің оқығаны әсер етті ме, әйтеуір үйде бір күн бұрын ғана сап-сау жүрген итіміз аяқ астынан өліп қалды. Ауырмай-сырқамай бұған не болды деп үйдегілер шулап жүр. Бі­рақ мен сонда да ешкімге тіс жармадым. Тағы бірде мысығымыздың осылай өліп қалғанын естідім. Ішімнен қуанып жүрмін. Жасалған дуаны сол арқылы қайтарып жатыр ғой деп қоямын іштей. Ал енді есек қашан өледі екен деп күтіп жүргенімде ол арманым да орындалды. Осылайша біз­дің үй үлкен апамыздың жасаған дуасынан арылдым, қазіргі уақытта бәрі де бақытты.

Тек дуакеш адамдардың бұл дүниеде әлі де тірі жүр­геніне зығырданым қайнайды. Қан­шама отбасының шырқын бұзып, жастардың үйлі-баранды болуына кедергі келтіріп отыр.

Біз өзімізге жасалған дуаны қайтартқанымызға қуанамыз. Енді тұр­мысқа шықсам болғаны.

Ә. БОЛАТОВА.