Everything.kz

ІБІЛІС ЖАСТАРДЫ АЗҒЫРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ОЙЛАП ТАПТЫ

ІБІЛІС ЖАСТАРДЫ АЗҒЫРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ОЙЛАП ТАПТЫ «Ібіліс: «Раббым, мені қаңғыртқандығың үшін әлбетте адам баласына жер жүзіндегі (жаман) нәрселерді жақсы көрсетіп, олардың барлығын адастырамын» – деді. (Хижр сүресі, 39-аят). «Ендеше, мені қаңғыртқаның себепті, әлбетте, мен де оларға қарсы Сенің жолыңда отырып аламын» – деді. Сонан соң, оларға алды-артынан, оң-солынан келемін де, олардың көбін шүкір етушілерден таппайсың» – деді. Алла: «Қорланып, қуылған түрде ол жерден шық! Әрине, олардан кім саған ілессе, сендердің барлықтарыңмен тозақты толтырамын» – деді» (Ағраф сүресі, 17-18 - аят). Негізгі тақырыпты бастамас бұрын, сөздің басын Мұхитдин Исаұлы ағамыздың сөзімен бастауды құп көрдім: «Кей елдің аздығынан қорықпаймын, көп болса да беріксіздігінен, бекемсіздігінен, әр нәрсеге бір еліктегіш, сезімге берілгіштігінен шошимын. Сезімге құмар, ақылға сараң, желіккеш ел, жау тұрмақ бір өрмекшінің құрығына да түсуі оңай болмақ. Хакім Абай айтқандай ақыл, қайрат қашан да жүрекке байлануы керек. Жүректен жібі үзілген қайрат түбінде не басын жартасқа соғады, не жардан құлайды. Ал ақыл жүректен өзін алшақ ұзақтап өз алдына шаңырақ құрғаннан бастап, әзәзіл оған тұзақ құрады. Жүректен ақыл алшақтаса - адасқаны. Адасқаны – алжасқаны. Әуелі өзімшілдік тұзағына түскен ол артынша менмендік пен тәкаппарлық ауына шырмалады. Шырмалған сайын шатаса береді. Мұндайда ол асқақ тауды да бетеге санайды. Мұндай дерт қоғамда көбейсе қоғамның бірлігіне сызат түсіп, жарық пайда болады. Әркім өзін біртуар санап өзгені місе тұтпайтынға кезігеді. Жүрек те задында жалғыз ғұмыр кеше алмайды. Оның үстіне иманы болмаса, не болмаса қауқарсыз иманы өңешінде қалса кез келгенге сенгіш, көрінгенге көнгіш, сезімге бойлағыш келе қалады. Мұндайдың санасы да таяз келеді. Бұл тақылеттес қоғамды әлде бір ессіз әуенмен, әлде бір қиял ертегімен елітіп, жетектеп алып кетуі түк те қиын емес. Бұларға ақты осындай әр түрлі тәсілмен қара деп қараны да ақ деп айта берсеңіз көп ұзамай нақ солай сенетін халге жетеді. Ақылы бір жақта, жүрегі бір жақта жүріп, бірліктен айырылған соң көп нәрсенің пайымына бара бермейді. Есі кеткеннің есімі де кетеді. Бүлікті тілеп тұрған бұларға болмашы себеп те көп келеді». Ал енді негізгі тақырыпқа қайта оралайын. Ібілістің әскерлері жастарды азғырудың жаңа түрін ойлап тапты. Соңғы кездері әлеуметтік желілерде жын-ойнақ іс шаралар көп ұйымдастырылып, Қазақстанның көптеген қалаларында ашық түрде өткізілуде. Мысалыға айта кетер болсам «құшақтасу» (обнимашки), сондай ақ «холи» фестивальі және т.б. Бұл іс шаралардың барлығы жастарды азғыруға бағытталған. Осы аталғандардың ішіндегі ең сорақысы «құшақтасу». «Құшақтасу» - жастар бір алаңға жиылып, қызы да ұлы да бір-бірін танысын не танымасын құшақтасады. Шариғатта қыз баланың бөтен еркекпен құшақтасуы былай тұрсын, қол ұстасып амандасудың өзі тиым салынған. Некесіз еркек пен әйел дін бойынша бір-біріне бөтен саналады. Бұл жөнінде хадис шәрифте былай делінеді: «Кісінің басына темір қазық батырылуы, некесіз бір әйелге қолының тиюінен де жеңіл келеді» (Табарани, Бәйһақи); «Бөтен әйелмен құшақтасқан еркек шайтанмен бірге шынжырға ұрылып отқа тасталады» (Шира); «Әйелдермен бір жерде жалғыз қалудан сақтаныңдар. Аллаһқа ант етемін, бір кісі бір әйелмен жалғыз қалғанында араларына шайтан кіреді» (Табарани); «Ей жастар, намыстарыңды қорғаңдар, зина етпеңдер! Жақсы біліңдер намысын қорғағанға жәннат бар» (Хаким); «Ей әйелдер, тек қана махремдерің болған еркектермен сөйлесіңдер, махрем (үйленуге болмайтын өте жақын туысы) болмағандармен сөйлеспеңдер!» (Ибн Саид); «Ер кісі өзіне бөтен әйелмен оңаша қалмасын. Сөзсіз, үшіншісі шайтан болады». Қол ұстасу, құшақтасу сияқты тыйым салынған әрекеттерге неке қиылмайынша бармауы керек. Ал жоғарыда аталып өткен жын-ойнақ іс шаралардың бәрі шариғат заңдарына қайшы келеді. Ібілістің азғыруына түсіп, нәпсісіне ерік берген өрімдей жас қыздың бөтен жігітпен құшақтасуының соңы зинамен аяқталуы әбден мүмкін. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ елімізде жыл сайын 20 мыңға жуық мектеп оқушылары жасанды түсік жасатады екен. Жоғарыда аталған статистикалық мәліметтердің күрт өсуі, осы жын-ойнақ іс-шаралардың белең алуымен тікелей байланысты. Бұл Ібілістің досы болған залымдардың қазақ қоғамын деградациялауға (бұзу, ыдырату, тура жолдан адастыру), жастарды діннен алыстатып руханиятынан айыруға бағытталған құйтырқы әрекеттері. Бұл залымдар қазақ қоғамын дінсіз еткілері келеді. Себебі діннен алыстаған қоғамда күнәлі істер көп жасалады һәм ондай қоғамды басқару да қиынға соқпайды. Сондықтан олар (залымдар) бұл тұрғыда аянбай еңбек етуде. Қазақтың өзгеден не көрсе, соны қайталайтын еліктегіш қасиеті жаман. Сол еліктегіштігі бір күні түбіне жете ме деп қорқамын. АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА Балаңыздың осы жын-ойнақ іс шаралардың құрбаны болып, қара басып қалмасын десеңіз, мұндай азғындықтарға қатысуына тиым салыңыз. Рухани тәрбиесіне қатты көңіл бөліңіз. Отбасы мықты болса, әулет мықты. Әулет мықты болса, қоғам мықты. Қоғам мықты болса, ұлт мықты. Жақсылыққа шақыру мен жамандықтан тыюда әрбір адамға жүктелген жауапкершілік бар. Яғни бұл әрбір адамның атқаруы керек болған маңызды нәрсе. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім жеккөрінішті іс көрсе, оны қолымен өзгертсін. Егер шамасы келмесе, онда тілімен. Ал бұған да шамасы келмесе, онда жүрегімен өзгертсін, алайда бұл иманның әлсіздігінің белгісі», - деген. (Муслим, 177). Әрбір адам өзінің отбасын жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйып отыруы керек. Себебі әрбір адамның отбасындағы жағдай үй иесіне ғана белгілі әрі өзі түземесе, оны басқа біреу келіп түзеп бере алмайды. Ондай болса әйел бала-шаға, үйге келген қонақтарға насихат жасау әрбір мұсылманның жеке парызы. Аллаһ Тағала Құранда: «Әй, иман келтіргендер! Өздеріңді әрі отбасыларыңды отыны адамдар мен тастар болатын Оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер жуан денелі, қатал. Олар Аллаһтың бұйырған әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйырылса, соны орындайды», - деген. (Тахрим сүресі, 6-аят). Сондай-ақ, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әрбірің бақташысыңдар әрі өзінің қарамағындағылар үшін жауап береді. Басшы да бақташы, үй иесі де өзінің отбасының бақташысы, әйел де өзінің күйеуінің, үйінің және балаларының бақташысы, демек, әрбірің бақташысыңдар, әрі өзінің қарамағындағылар үшін жауапкершілігі бар», - деген. (әл-Бухари, 5200). Жақсылыққа шақыру мен жамандықтан тыю барлық кезде де жүру керек, алайда жасау жолдары шаманың келуіне байланысты. Үй иесі балалары мен әйеліне, үйіне келген қонақтарға насихат айтып, жамандықтарын қолымен тыйя алады. Себебі сол үйдегі билік соның қолында әрі ешкім де бұған қарсы келіп, реніш білдіруіне хақысы жоқ. Қалған жағдайлар да осындай. Ал қолда билік жоқ жағдайда жамандық көрген адам жүрекпен жеккөруге тырысу керек. Егер тіпті жүрекпен тыюға шамасы келмей, жеккөрінішті іске разы болса, онда ол адамның иманы жоқ десек артық болмас. Ең төменгі иманнан төмен нәрсе болмайтыны айтпаса да белгілі. Алла елімізді мұндай азғындықтардан сақтасын һәм Жаратушы Жаппар Иеміз бізді тура жолына бастасын! «Сендер адамдар үшін жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын әрі Аллаһқа иман келтірген ең жақсы үммет болып шығарылдыңдар». (Әли Ғымран сүресі, 110-аят). P.S. Сақтан Алаш жұрты. Жын-ойнақ іс-шаралар: Қостанай қаласында 28.06.2015, Ақтөбе қаласында 01.07.2015 және 06.07.2015, Атырау қаласында 19.07.2015 күндері ұйымдастырылады. Мұсылман бауырларға таратып ескертіңіздер!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Менің құпиям ♕