Everything.kz

Айтпайын дейсің ау......

Айтпайын дейсің ау......
Айтпайын дейсің ау...... Әлемнің 126 мемлекеті кіргізілген «2016-жылғы Жаһандық әскери қуаттылықтың рейтингісінде» (Global Firepower Military Ranks-2016) Орталық Азиядағы посткеңестік елдер арасында әскери тұрғыдан ең мықты болып Өзбекстан танылыпты, ол 54-орынды иеленген, Қазақстан 66-орынға жайғасса, Қырғызстан – 78-, Тәжікстан — 81-, Түркіменстан 90-орындарды қанағат тұтыпты, - деп жазады 365info. kz. Алғашқы үш орынға, тиісінше, АҚШ, Ресей және Қытай орналасқан. Соңғы үш орынға Мали, Мозамбик, Сомали жайғасыпты. Енді ойланыңыздаршы, біз əлемде жер көлемінен 9-орындамыз дегенде, алдымызға жан салмаймыз! Ал, мемлекетіміз сол жерді қорғай ала ма? Үнемі менсінбей, артта қалған ел деп санайтын өз ағамыз Өзбекстан бізден тым алда тұр! Өзбекстанға алақандай жерін қорғауға осыда жетіп жатыр, ал бізге салақ қатынның үйі секілді, ашық-шашық жатқан жарамас! Тап қазір бізге Америкада, Ресейде, Қытайда соғыс ашпас, бірақ қазір əлемде шарпыған лаңкестердің қан-құйлы əрекетінен сақтану керек. Бізге ең қауіптісі осы. Айтсаң жамандағандай боласың, біз 25 жылда жалған ұран мен атаққа ереміз деп, көөөп нəрседен айырылып қалдық. Оған жемқор үкімет, қара басын ойлаған шенеуніктер мен шүкір , шүкір деп келген өзіміз кінəліміз. Біреулер ойлайды осындай керемет , тыныш күнге жеттік, шүкір дейік деп. Шүкір дейміз-ау, бірақ сенің шүкіріңе басқаның түкіргені бар! Жер бетінде жалғыз қазақ емес, жүздеген ел өмір сүріп жатыр! 90 жылдары қандай едік, қазір қандаймыз дейтіндерге таңым бар, сол надандар бет бақтырмай солай айтып тұрған кезде, тұмсықтарын бұзғым келеді. Əй, 90 жылдары Өзбекстан қандай еді, қазіргі Өзбекстан қандай? Тіпті, 90 жылдардағы Америка, Қытай, Корея , Түркия қандай еді?? Сол кездегі орнында қатып қалыпты ма? Сендегі зəулім ғимарат Өзбекте де Американда да салынды! Сен киген киімді кəрісте, үндісте киіп жүр. Сен айдап жүрген машинаңды қырғызың мен қытайда айдап жүр! Ендеше сенікі не жорық, а қазағым? Түріктің тоңын, қытайдың киімін, өзбектің салып берген үйін, неміс пен жапонның көлігін,айдағанға, белорусь пен орыстың азығын жегенге мəзсің ба? Бар байлығыңды шетелге сатқанға мақтанасың ба? Əжем айтпақшы ооо байғұс жетіскен екенсің? Əлгі қарғыс атқыр ИГИЛ-дің он сарбазы келсе, шашылып қалатын түріміз бар, əскеріміздің сиқы мынау, ит талаған тауықтай! Айдың күні аманда, 15 сарбазымызды жайратып салды, оны бөгде ғаламшарлықтар келіп қырмады, адамның қолымен істелген іс-əрекеті ғой! Түркияға қарап таңдай қақпасқа шара жоқ, анаукүні Ресейдің əскері ұшағы Түркия кеңестігіне 2 км -дей кіріп кетті деп, ай шайға қарамай атып түсірді. Біз отырмыз құдайдың құтты күні , үстімізден гиптель төгіліп жатсада, жаңбыр жауғандай мəз болып! Халқыма обал болды-ау деген үкіметің жоқ, көршіден ұят болды деп қымсынған Ресей жоқ! Ата-анасын зар жылатып, қатын бала-шағасын ертіп сорлылар кетті Сирия асып, Аллам бетін əрі қылсын ертен солар келіп əңгіртайық ойнатса, не істемекпіз? Көздеріне қан толған оларың, қазағым бауырым, жалғызым деп тұрған жоқ! Қожайыны айтақтаса жүгіре кететін ит секілді аңдып отыр. Анау жылдары, Ақтөбедегі Шұбаршида болған жағдай көп нəрседен хабар берді. Айналдырған оншақты адамды ұстаймын деп, қаншама сарбазымыз ажал құшты, соңында қара жамылып қазақ қалды! Арнайы дайындалған жасағымыздың ойран топаны шықты! Əжем айтпақшы, қай бетімді шымшиын , құдай - ау! Күлеміз-ау бұл масқара! Ұят! Үкіметіміз отыр, бейбітшілік сақтаймыз, əлемде бейбітшілік орнасын деп! Бұны Қытай айтса не Ресей мен Америка айтса, жарасар еді, бізге не жоқ?! Сенің бейбітшілігіңді ұрғаны барма, басқаның! Бейбітшілікті сылтау етіп, көп нəрседен, Кеңес заманынан қалған құралдардан айырылып қалдық, əсіресе атом бомбасынан. Атам бомбасы елімізге соншалықты зиян болса, Үкімет Атом электр станциясын салуды айтпас еді, күн сайын төбемізден жауып жатырған гиптелдерін қорғауы керек еді ғой бізді! Егер қарсыласын, мылтық ұстап шықса оған қарсы пышақпен шықпайсың ғой, сол сияқты атом бомбасы ұлан ғайыр жерді қорғаудағы, өзгелерге сес көрсететін жалғыз қару болмақ! Еліміздің жазығы жоқ қоян мен қасқырды атуды білетін сабаздарың туралы айтпай-ақ қояйын! Біреуі бір жылда, ерінгені 1 айда ала салатын əскери билеттің құтты қашқаны қай заман! Танкі мен автомат ұстап көрмегендері қаншама!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Сіз білмейтін қызықтар