Everything.kz

Пакистандық дәрігер Ишан Хусейни медицина саласында жасаған ерең еңбегі үшін мар...

Қожалар ☾⋆
Пакистандық дәрігер Ишан Хусейни медицина саласында жасаған ерең еңбегі үшін марапат алуға халықаралық бір конференцияға бара жатқан еді. Ұшаққа мінді. Бірақ ауа райы күрт өзгеріп найзағай ойнағандықтан ұшақ ең жақын жердегі әуежайға қонуға мәжбүр болды. Бұдан кейінгі ұшақ 16 сағаттан кейін ұшатын еді. Ызалы түрде „Ол конференцияға міндетті түрде үлгеруім керек. 16 сағат күте алмаймын„ деп ашуға мінді. Әуежай қызметкерлері баратын қаласы 6 сағаттық жерде екенін және қаласа машина жалдап бара алатынын айтты. Асығыс жолға шықты, бірақ ақсақтық бұл жолы өте қатты жаңбырдан түк көрінбейтін халге әкелді жолдарды және селдің салдарынан көлік жолда жүре алмайтын жағдайға жетті. Дәрігер жолдың шетіндегі ескі бір үйдің есігін қағып жылдам ішке кірді. Қартаң бір әйел отыр еді ішкеріде. Асығыс түрде оған „Телефоныңды бере тұршы қоңырау шалуым керек„ деген кезде әйел: „Көрмей тұрмысың балам ау қайдағы телефон. Бұл жерде телефон түгілі электр қуаты да жоқ. Келе ғой біраз демал, тамақ іш, шәй іш содан кейін көре жатарсың ол жұмыстарыңды„ Жігіт шарасыз түрде қартаң кісінің айтқандарына келісіп біраз жылынып, тамақтанып болып шәй ішіп отырған уақытта әйел кісі намаз оқып ұзақ ұзақ дұға қылып Аллаға жалбарынды. Назар салып қарағанында әйелдің бір бесікті тербетіп жатқанын және бесікте кішкентай бір нәрестенің еш қимылсыз жатқанын көрді. "Мұншалық жылап дұға қылардай, тыныштық болар сірә?! Кімнің баласы бұл апатай?" Қартаң әйел: " Әрі анасынан әрі әкесінен жетім қалған немерем. Ауыр бір дерті бар. Жақын маңайдағы ешбір дәрігер емін таба алмады. Ишан Хусейни деген дәрігер бар, емін тек сол біледі деп айтты. Бірақ ол өте ұзақ жерде оған жету бірнеше күндік жол. Аллаға дұға қылудамын Алла бұл сәбидің дертін жеңілдетіп шипасын берсін. Дәрігер Хусейни көз жастарына ерік берген еді, екі көзі жасқа малынған күйде: "Тұр апатайым. Алла сенің дұғаңды қабыл қылды. Сенің дұғаң көкте найзағай ойнатып ұшақты жерге қондырды, жерге жаңбыр жауғызып жер жүзін селге айналдырып мені сізге алып келді. Алланың құлдарына осылайша қалағанын беретініне бар жүрегіммен сендім. Бүкіл жолдар жабылып қалған болса көктерді жаратқан Аллаға сыйын. Әр нәрсенің шешуі - дұға!"
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Қожалар ☾⋆