Ақшамыз жоқ болса қалай садақа береміз?

Ақшамыз жоқ болса қалай садақа береміз?

Бірде Пайғамбардың ﷺ сахабалары қатарындағы бір адамдар (бұлар кедей сахабалар еді): «Уа, Алла Елшісі! Байлар (көп) сауап алады. Олар біз намаз оқығандай намаз оқиды, біз ораза тұтқандай ораза тұтады әрі олар мал-дүниелерінің артығынан садақа береді», – деді. Пайғамбар ﷺ: «Расында Алла сендер үшін садақа қылатын нәрсе жасады емес пе? Шындығында, әрбір тәсбих («субханаллаһ» деп айту) – садақа, әрбір тәкбір («Аллаһу әкбар» деп айту) – садақа, әрбір тахмид («әл-хамду лилләһ» деп айту) – садақа, әрбір тәһлил («лә иләһә илләллаһ» деп айту) – садақа, жақсылыққа бұйыру – садақа, теріске шығарылғаннан қайтару – садақа, сондай-ақ біреуіңнің жыныстық қатынас жасауың да – садақа», – деді. Олар: «Уа, Алла Елшісі! Біреуіміз шақуатын қанағаттандырса, ол үшін сауап болады ма?» – деп (таңғалғанда, Пайғамбар ﷺ: «Қалай ойлайсыңдар, егер ол (шақуатын) харам (жолмен) қанағаттандырса, оған күнә болады ма? Сол сияқты ол (шақуатын) халал (жолмен) қанағаттандырған жағдайда, ол үшін сауап болады», – деп айтқан (Муслим).

Құлына өмірдің әрбір сәтін құлшылыққа,садақаға айналдыруға мүмкіндік берген АЛЛА ТАҒАЛА МЕЙІРІМДІ, ЖОМАРТ, КЕҢ! Сансыз шүкірліктер мен мадақтар айтамыз!


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества ♔ ЖүрегімСізгеАманат♔BeCarefulWithMyHeart

Популярное