Тәттімен тәтті өмір сыйлаңыз!

Тәттімен тәтті өмір сыйлаңыз!
Қайырымды іс жасау кімнің болса да қолынан келері хақ дүние. Өзің тәтті жеу арқылы, біреуге өмір сыйлау жүрегіңе қуаныш сыйлап, бақытқа жетелеріне сенімдімін.
Шымкент жастарынан құрылған «Шымкент қайырымды жандары» еріктілер тобы өмір сүруге үлкен құлшыныспен күресіп жүрген кішкентай ғана Жанельге үміт сыйлау үшін, кішігірім көмек беру мақсатында ГРЕК ЖАҢҒАҒЫНАН жасалған варенье сатуға кірісті. Жанель 2 бүйрегінен де айырылған қаршадай қыз, оның еміне үлкен сомада қаражат керек. Қарапайым ғана жұмыс жасайтын ата-ана жүректі жандардан көмек сұрап отыр. Өзіміздің кішкентай бауырымыздай ғана қаршадай қыздың өмірмен күресіп жатқанына бей-жай қарай алмай, біздер @kaiyrymdy_jandar_shymkent сіздерге ВАРЕНЬЕ жеуге кеңес береміз. Грек жаңғағының көл-көсір пайдасы айтпаса да белгілі. Ал, одан жасалған варенье ұйқысыздықпен күресуде, нерв жүйелерінің ауытқуларының алдын-алуда, қан қысымының ауытқуларын қалыптандыруда, жоғары физикалық ауыртпалықтарда, жүктілікте сондай-ақ баланың өсу процесінде үлкен көмегі бар. Бұл тосап, сонымен қатар, баспа (ангина), жүрек аурулары, стоматит, бүйрек аурулары, ревматизм т.с.с. аурулармен күреседі. Себебі оның құрамында көп мөлшерде темір, йод, кальций, магний, каротин, цинк т.б. ағзамызға аса қажетті минералдар бар. Міне, осындай керемет пайдасы бар вареньені алып әрі өзіңіздің денсаулығыңызға көмек бересіз, әрі кішкентай Жанельдің өмір сүруге деген құлшынысына демеу боласыз. Ойланыңызшы, сіздің бір банка (700 мл) вареньеге деп жұмсаған 2000 теңгеңіз Жанельге өте керемет көмек. Және де жаңғақ тосабынан бөлек өрiк,шие тосабы да бар.Жүрегі кең, қайсар мінезді, мейірімді ҚАЗАҚПЫЗ ғой, кәнекей бір қолдап жіберіңіздерші. Біз сіздерге үлкен үміт артып отырмыз....өрiк тосабы 700 мл - 700 теңге, Шие тосабы 700 мл - 600 теңге, Жаңғақ тосабы 700 мл - 2000 теңге. Шымкент қаласында жеткiзiлуi ТЕГiН! тапсырыс беру үшiн немесе сұрақтар бойынша 87077852505 нөмiрiнен бiле аласыздар. #жақсылықжасапжарысайық #жанельгеөмiрсыйлайық
Популярное