Everything.kz

Бос өткен уақыттың ақыретте сұрағы болады

Құпия ретінде
Бос өткен уақыттың ақыретте сұрағы болады Ерлан Алтай Адам баласы үшін уақыттан қымбат ешнәрсе жоқ. Әттең осыны білмейміз әрі сезінбейміз. Кәдімгі қам-қарекетсіз өріске барып-қайтып, жайылып жүрген мал сияқтымыз. Адам баласының ғұмыры «Қамшының сабындай» қысқа. Ең ұзақ өмір сүрген нұх пайғамбарға өлім періштесі келіп: «Дүние қандай екен? » деп сұрағанда, ол: «Дүние екі есігі бар үй сияқты екен, бір есігінен кіресің де, екіншісінен шығып жүре бересің» депті.  ибн аббас жеткізген мына бір хадисте: «Алланың нығметтерінің ішінде екі нығметтің қадырын көп адамдар білмейді, ол-денсәулық пен уақыт», десе, тақуа жан иесі абдуллаһ бин мәсһуд: «Өкініштен өзегімді өртейтін нәрсе: босқа өткен уақыттарым», деген екен. Сол сияқты үлкен сахаба муһәз бин жәбәлден жеткен хадисте пайғамбарымыз (с. Ғ. С) : «Қиямет күні төрт нәрседен сұралмайынша құлдың екі аяғы тырп етпейді: уақытын қалай жұмсады, жастық шағын қалай өткізді, мал-дүниені қайдан тапты, қайда жұмсады, біліміне қандай амал жасады» дейді. Осыдан-ақ уақыттың маңызын біле беріңіз.  күллі Қазақстандықтар һам қазақтардың өмірі түрік, көрей сериялдарын тамашалаумен өтіп жатыр. Адамдар бір күнде екі немесе үш сериял көреді. Әрбір сериял 80-90 минуттан. Енді есептеп кеп жіберейік. Екі сериялға бақандай 3 сағат уақытыңыз кетеді. Аптасына 21 сағатты кино көрумен өткізеді екенсіз. Бір жылда 48-50 күнді тек сериял көруге жұмсайсыз.  баянсыз, бос өткен уақыттың ақыретте сөзсіз сұрауы болмақ. Бірде патшаға нөкерлері бір шомбыл адамды ертіп келіпті. Бұл адамның ерекшелігі аса епті екен. Үлкен тебен инені алты аттам жерге шаншып қойып, қолындағы жіпті лақтырғанда әлгі иненің көзінен өткізіп жібереді екен. Патша көріп Қайран қалады. Шеберден, «Осы істі үйрену ұшын қанша жылыңды жұмсадың? » деп сұрайды. Шебер болса: «Қырық жыл уақытым кетті» дейді. Хан айтады: «Мына адамға 40 Ділда алтын беріңдер, оған қоса аямай 40 дүре соғыңдар» депті. Шебер: «Тақсыр, хан ием, 40 дүре соғатындай қандай айыбым бар, түсінсем бұйырмасын. . . » дейді. Сонда хан айтыпты: «40 алтын Ділда еңбегің ұшын, 40 дүре ешқандай пайдасыз іспен айналысып қырық жыл ғұмырыңды босқа өткізгеніңнің жазасы» депті. Ағайындар ойлап көріңіздерші, шынында тебен инеге алты аттам жерден жып лақтырып көзінен өткізгеннің халық үшін қандай пайдасы бар. Мына сериялдар да сол сияқты пайдасыз әрі мазмұны төмен, тәрбиелік мәні нашар дүниелер.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Құпия ретінде