Қалай армандаймыз?

Ақыл қалта
11.11.2016 в 08:34
ҚАЛАЙ АРМАНДАЙМЫЗ?
Осыдан он бес жыл бұрын бір деректі фильм көрдім. Гимнастикадан алдына жан салмайтын орыс қызы туралы.
Ол төсекте жатыр екен.
- Мен дұрыс армандай алмадым.
Мені өте көп жаттықтырды, жаттықтырушы мені бір сəт те бос қоймады.Шаршағаным соншалық мені ешкім мазаламаса, бір демалсам, ешкім мені іздемесе деп іштей армандап жүрдім ,-деп жылап жатты.
Міне сол арманым орындалды,- дейді.
Жатқаныма жиырма жыл болды. Қазір мені ешкім мазаламайды, ешкім іздемейді.
1980 жылы жиырма жасында (олимпиадаға дайындалып), жаттығу үстінде белінен жарақат алады. Ол мәңгілік төсекке тартылады.

Фильмді көрген сәттен бастап, əр сөзді дұрыс айту керек екенін түсіндім.
"Шаршадым " деген сөзден де қорқу керек деп ойлаймын.

ФБ-да Кенже Үсіпбайқызының парақшасынан алынды.


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Ақыл қалта

Популярное