Тәуке хан заманында қазақ ордасында 32 қала болған

Тәуке хан заманында қазақ ордасында 32 қала болған

#[email protected]_qaz #[email protected]_qaz

Мырза Мұхаммед Әминнің жазуы бойынша 17 ғасырдың соңғы ширегінде Салқам Жәңгірдің баласы Тәуке хан Ташкент қаласы мен маңайындағы қалашықтарға иелік жасады және осы қалада 1687 жылы Бұхар ханы Нәдір Мұхамедтің ұлы Сұбханқұл ханның елшілігін қабылдаған. Ол елшілікті Қошыке би аталық басқарған, оның мақсаты қазақ ханы Тәукемен кездесіп сыртқы саясат мәселесін талқылау болды.
1690 жылдары Түркістан Сібір басшылығы атынан келген Тобыл казак-орыстары Федор Скибин, Матвей Трошин Сауран, Сығанақ, Түркістан сияқты қазақ қалалары туралы тамаша сипаттамалар қалдырған:

«Тобыл қаласынан Түркістанға дейінгі аралықтағы Қазақ Ордасы қалаларының тізімі: Сауран жолымен оң жақтағы бірінші қала – Сауран; Қарақалпақ жаққа қарай Сығанақ қалашығы; Сығанақ пен Сауран аралығы бір күндік жер; Саураннан оң жақ бағытта Сырдарияның түбінде Оққорған қалашығы, Саураннан бұл қалаға дейін жарты күндік жер; Сауранның солтүстік жағында – Созақ қалашығы, бұл қалашықтан Сауранға дейін екі күндік жол. Тәуке ханның иелегіндегі Түркістан қаласы мен Сауранның аралығы күндік жер; Сауран мен Түркістан аралығында жарты жолда Көшек сұлтан қиратқан бос қалған қала бар. Осы жолдың бойында сол жақта Қарнақ қаласы; Түркістанның орыс жаққа қарай таудың ар жағында Оралхай қаласы, Түркістаннан Оралхайға дейін 10 шақырым; Түркістаннан шығысқа қарай азаннан түске дейін жүрсе 5 шақырымдаТашлиақ қаласы; Түркістаннан 20 шақырым жолда Иқан қаласы; һәм басқа да көптеген біз атын білмейтін Түркістанға жақын орналасқан қалашықтар бар. Ал орталықтан Түркістанға қарай Отырар қаласы, оған дейін бір күндік жер; Түркістанның орталығынан батысқа қарай Сайрам қаласы, оған дейінгі жол 2 күндік. Жалпы қазақ ордасында қалалар саны – 32»

Мәлімет «Мәдени мұра» журналынан алынды. № 5 (62) 27-бет

Мақала авторы Ж. Артықбаев.

Рүстем Нүркен
namys.kz


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Қазақстан тариxы | История Казаxстана

Популярное